"Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 тамызда № 36590 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 219-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулықтарында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық органның басшысы бейнетіркегішті (жад картасын) беруге және қабылдауға, фото- және бейнежазбаларды түсіруге және сақтауға, бейнетіркегішті мемлекеттік инспекторға берген кезде бейнетіркегіште күні мен уақытын белгілеуге, оларды түсіргеннен кейін жад карталарынан фото- және бейнежазбаларды алып тастауға, бейнетіркегіш жұмыс істемей тұрған кезде оны ауыстыруға, сондай-ақ жүргізілген фото- және бейнежазбаларды қарау мен талдауға жауапты қызметкерді (әрі қарай-жауапты тұлға) айқындайды.

      Бұл ретте деректерді сақтау серверіне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы мен аумақтық органының басшысы ғана білетін арнайы пароль орнатылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Портативті тасымалданатын бейнетіркегіштер уәкілетті органның аумақтық органдарында жауапты тұлғада сақталады және осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді және тапсыруды есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғыза отырып, бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру алдында мемлекеттік инспекторға беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Журнал азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық органдарының кеңсесінде тіркеледі, парақтар нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналдың соңғы бетінде жауапты тұлға: "Осы журналда ___ парақ нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген" деген жазба жасайды. Журналға жазба қаламсаппен жазылады. Жіберілген қателер қате жазбаны сызып тастау және жаңа жазбаны енгізу жолымен түзетіледі, бұл туралы ескертпелер бағанында жауапты тұлғаның қолы қойылған ескерту жасалады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Серверлік бөлмеде немесе кезекші бөлімде орнатылған деректерді сақтау серверіндегі ақпаратқа рұқсат тек уәкілетті органның жауапты тұлғасына және аумақтық органының басшысына сақтау серверіндегі деректерге өзгерістер енгізу құқығынсыз (күні мен уақытын өзгерту) ұсынылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңінде портативті тасымалданатын бейнетіркегіш (жад картасы) істен шыққан жағдайда, мемлекеттік инспектор бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысын және жауапты адамды дереу хабардар етеді.

      Жауапты тұлға ақаулықтардың себептерін жою мүмкін болмаған кезде бейнетіркегішті ауыстыруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте жауапты тұлға журналдың "Ескертпе" бағанында бейнетіркегіштің істен шығу себептерін, хабарламаның күні мен уақытын және бейнетіркегішті ауыстыруды көрсете отырып, тиісті жазбалар жүргізеді.";

      нұсқаулыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 310 бұйрығына
қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылық
жасау фактілерін және
мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдары
қызметкерлерінің іс-әрекеттерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
нұсқаулығына
қосымша
(нысан)

      Мұқабаның алдыңғы жағы

Портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді, тапсыруды

және фото және бейнежазбаларды түсіруді есепке алу журналы

________________________________________________

(аумақтық органның уәкілетті органның атауы)

      "___" _______ 20 __ жылы басталды

      "___"_______ 20 __ жылы аяқталды

      Мұқабаның ішкі жағы

№ р/с

Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті түгендеу нөмірі (портативті тасымалданатын бейнетіркегіш жад карталары)

Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті пайдаланушының Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Күні мен уақыты, алғаны туралы қолы

Күні мен уақыты, тапсыру туралы қолы

Ақпаратты түсіру күні мен уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады