"Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15 ақпандағы № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 тамыздағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36584 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15 ақпандағы № 192 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 340-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

"Әуежай Астана" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай Астана" кеден бекеті

  ";

      реттік нөмірі 15, 16, 17 және 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

"Нұр жолы" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Нұржолы" кеден бекеті

16.

"Қалжат" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қалжат" кеден бекеті

17.

"Алакөл" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алакөл" кеден бекеті

18.

"Бақты" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Бақты" кеден бекеті

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 340-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады