БҰЙЫРАМЫН:
1. "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесінде:
6-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6-1. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормаларын белгілейді.";
12-1 және 12-2-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
"12-1. Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттарға, қалпына келтіру құралдарына, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарға, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шығыс нормаларын белгілейді.
12-2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.";
мынадай мазмұндағы 12-3-тармақпен толықтырылсын:
"12-3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары осы Әдістемеге 3-қосымшамен көзделген cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.";
көрсетілген Әдістемесіне 1-қосымшада:
ескертпе келесі редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: тамақтану нормалары спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер, спорт колледждері бойынша, сондай-ақ Спортты дамыту дирекциясының, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының штаттық ұлттық командаларының мүшелері - спортшылардың оқу-жаттығу сабақтары болмаған күндері осы Әдістеменің 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тамақтану нормалары республикалық ұйымдар бойынша ең жоғары шығыстар бойынша қамтамасыз етіледі.
Спортшылардың тамақтану нормалары олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерімен ортақ атаулары бар паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлеріне қолданылады.";
көрсетілген Әдістемесіне 2-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
4. | Халықаралық спорт жарыстарына дайындық, жалпы дене даярлығы бойынша халықаралық спорт жарыстары, оқу-жаттығу жиындары, Қазақстан Республикасының ұлттық командалары үшін, кешенді тексерулер, арнайы жиындар. | 1,5 айлық есептік көрсеткішке дейін |
"; |
көрсетілген Әдістемесіне 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар ТІЗБЕСІ
р/с | Атауы |
1. Базалық қамтамасыз ету құралдары | |
1.1 | Витаминді-минералдық кешендер (витаминдер, күрделі және аралас витаминді-минералдық кешендер, темір препараттары, жеке витаминдер және минералдар) |
1.2 | Адаптогендер және іс-қимылды жалпы нығайтатын заттар |
1.3 | Иммунокорректорлар (иммуномодуляторлар) |
1.4 | Антиоксиданттар |
1.5 | Антигипоксанттар, коферменттер |
1.6 | Микроайналымдарды реттеудің вазобелсенді құралдары және қан реологиясын, қанның ұйығыштығын реттеу құралдары |
1.7 | Жүрек бұлшық етін қорғайтын заттар (кардиопротекторлар, кардиометаболиктер) |
1.8 | Бауыр жұмысын қорғайтын заттар (гепатопротекторлар, холеретиктер, холекинетиктер) |
1.9 | Байланыс-буын аппаратын және сүйек талшықтарын қорғау және қалпына келтіру заттары (хондропротекторлар, коллаген) |
1.10 | Энзимдер және ферменттер |
1.11 | Сыныптық қанықпаған майлы қышқлдар (Омега 3 – Омега 6 және фосфолипидтер – лецитин) |
1.12 | Пробиотиктер, пребиотиктер |
2. Пластикалық бағыттылық заттары | |
2.1 | Протеинді қоректену заттары (мамандандырылған клиникалық тамақтану, ақуыз және көмірсутегі қоспалары, протеиновые снектер және батончиктер, протеинді, ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар) |
2.2 | Аминокислоттар (кешенді, ВСАА) |
2.3 | Ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар |
2.4 | Анаболикалық тура және жанама әрекетті рұқсат етілген заттар |
3. Энергетикалық бағыттағы заттар | |
3.1 | Лактат-ацидоза реттеушісі және буферлі жүйені кеңейту заттары |
3.2 | Көмірсутекті және липидті (майлы) алмасу заттары |
3.2 | Макроэргиялық және құрамында креатин бар заттар (фофокреатин, фруктоза-1,6-дифосфат натрий тұзы, көліктік креатин, рибоза) |
3.3 | Аэробты шыдамдылықты және жұмыс қабілетін арттыратын заттар (ақ кристалды ұнтақ және изолимонды қышқыл, карнозин, Л-карнитин, коэнзим Q10, аргенинді таурин, цитруллин) |
3.4 | Көмірсутегін жүктеу заттары және күш-қуат шығынын шұғыл қалпына келтіретін заттар (гипотониктер, изотониктер, цитратты көмірсутектер және бикарбонатты негіздер, жеңіл сіңірілетін және ұзақ тізбекті көмірсутектері, ақуыз-көмірсутекті сусындар, орташа ұзындықты тізбекті триглицеридтер) |
3.5 | Несепнәр деңгейін реттейтін заттар |
3.6 | Психофизиологиялық реакцияларды және энергетиканы ынталандырушы (гуарана, кофеин) |
4. Мамандандырылған заттар | |
4.1 | Нестероидті қабынуға қарсы заттар |
4.2 | Ангиопротекторлар |
4.3 | Жүйке-психикалық мәртебені және ОЖЖ қорғауды реттейтін заттар (ноотроптар, нейропротекторлар, седативті препараттар) |
4.4 | Көздің көруін қалыпна келтіру заттары (каротиноидтер) |
4.5 | Антианемикалық препараттар |
4.6 | Су, электролиттік және негізгі-қышқылдық теңгерімді дұрыстау үшін қолданылатын ерітінділер |
4.7 | Бүйректің микроайналымын жақсартатын уроантисептиктер және препараттар |
5. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ-тар) | |
5.1 | ББҚ-тар – бальзамдар, шайлар, жиынтықтар |
5.2 | ББҚ-тар – ақуыздар, аминокислоттар және олардың туындылары |
5.3 | ББҚ-тар – антиоксиданттар, антигипоксанттар |
5.4 | ББҚ-тар – гейнерлер, энергетиктер |
5.5 | ББҚ-тар – хондропротекторлар |
5.6 | ББҚ-тар – витаминді-минералдық кешендер, дәрумен тәәрізді заттар және коферменттер |
5.7 | ББҚ-тар – табиғи метаболиттер |
5.8 | ББҚ-тар – майлар, май тәріздес заттар және оның туындылары |
5.9 | ББҚ-тар – макро- және микроэлементтер |
5.10 | ББҚ-тар – полифенолді қоспалар |
5.11 | ББҚ-тар – пробиотиктер және пребиотиктер |
5.12 | ББҚ-тар – орман шаруашылығының өнімдері |
5.13 | ББҚ-тар – өсімдік, жануар, минералдық текті өнімдер |
5.14 | ББҚ-тар – көмірсулар және оларды қайта өңдеу өнімдері, батончиктер және сусындар |
5.15 | ББҚ-тар – өсімдік, микробтекті ферменттер |
5.16 | Басқа ББҚ-тар |
6. Жақпамайлар және майлар | |
6.1 | Спорттық массаж заттары |
6.2 | Сезгіш жүйке нүктелері маңында әсер ететін заттар |
7. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен химиялық реагенттер | |
7.1 | Таңғыш дәке |
7.2 | Жеке орамадағы мақта |
7.3 | Лейкопластырь |
7.4 | Бактерицидті пластырь |
7.5 | Латексті зарарсыздандырылмаған қолғаптар |
7.6 | Латексті зарарсыздандырылған қолғаптар |
7.7 | Нитрилді көк қолғаптар |
7.8 | Иммобилизациялық шиналар |
7.9 | Бір рет пайдаланылатын шприц |
7.10 | Инсулин шприці |
7.11 | Бір рет пайдаланылатын көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе |
7.12 | Бір рет пайдаланылатын "көбелек" көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе |
7.13 | Сыртқы аппликациялық гемостатикалық заттар |
7.14 | Тейптер |
7.15 | Химиялық реагенттер |