БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:
2-тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстандық тауар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау –Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;";
106-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"106. Орта білім беру ұйымының басшысы денсаулық сақтауды басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күні берілетін тағамдардың түрлерін көрсете отырып, ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.
Перспективалық мәзір "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, тамақтану объектісінің түрін, үй-жайлардың жиынтығы және тоңазытқыш және технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды, сондай-ақ өңірде өндірілетін қазақстандық өнімдердің ұлттық дәстүрлері мен ассортиментін, дұрыс тамақтану рационын қалыптастыруды ескере отырып, тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес әзірленеді.";
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Конкурстың (лоттың) мәні болып табылатын қазақстанда шығарылған тауарды өндірушінің мәртебесін растайтын құжаттың болуы | Жоқ (0 балл) | Бар (3 балл) |
";
ескертпенің екінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
"–2-тармақ бойынша әлеуетті өнім берушінің біріккен лотқа қатысуы кезінде балдар, әлеуетті өнім беруші – Қазақстанда шығарылған тауар өндіруші тауарды (ларды) сертификаттау туралы құжатты ұсынған кезде осы конкурстың (лоттың) тауарларының кемінде 20%- ына (жиырма пайызына) қойылады.";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
М. Мелдебекова |
Конкурс қорытындылары туралы хаттама
____________
(күні мен уақыты)
Тапсырыс беруші*_______________________________________________
Конкурстың №__________________________________________________
Конкурстың атауы _______________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы___________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы, жұмыс орны | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың
тізбесі ____________________________________________________
№ р/с | Лот № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік бағасы | Бөлінген сома, теңге |
Лот № __________________________________________________________
Лоттың атауы ____________________________________________________
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдер (лот) туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН | Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша) |
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (осы Қағидаларға сәйкес сұраулар болған жағдайда толтырылады):
№ р/с | Сұрау жіберілген ұйымның/адамның аты | Сұрау жіберілген күн | Сұраудың қысқаша сипаттамасы | Сұрауға жауап беру күні |
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН) / ТЕН | ||
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын бас тарту себептерін нақты көрсету |
Конкурсқа қатысуға жіберілмеген өтінімдер (өтінімдер саны):
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН | Бас тарту себебі |
Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді (өтінім саны):
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН |
Осы Қағидаларда көрсетілген өлшемшарттарды осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
қызметтерді жеткізушілерге:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН | Өлшемшарттар | |
Тиісті аймақта өткен 7 жылдағы қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі | ||||
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі | Басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі | |||
кестенің жалғасы
Аспаз біліктілігін бере отырып, орта арнайы білімі (2007 жылғы 27 шілдеге дейін білімі туралы құжатты алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар аспаздың (қоғамдық тамақтандыру саласында) болуы | Диетология саласында медициналық білімі және біліктілігі және (немесе) диетология саласында біліктілігін арттырудан (қайта даярлаудан) өткен медициналық білімі бар диетологтың немесе диеталық бикенің болуы | Аспаз өтілі | Қоғамдық тамақтану саласында жоғары, орта - техникалық білімі бар технологтың немесе техник – технологтың болуы |
тауарларды жеткізушілерге:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН | Өлшемшарттар | ||
Тиісті аймақта конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы өткен 7 жылдағы жұмыс тәжірибесі | Конкурстың (лоттың) мәні болып табылатын қазақстанда шығарылған тауарды өндірушінің мәртебесін растайтын құжаттың болуы | Азық-түлікті арнайы автокөлікпен жеткізу шарттары | |||
Конкурсқа қатысушылардың балдарын есептеу:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ТЕН | Өлшемшарттар бойынша жалпы балл | Өлшемшарттар бойынша жұмыс тәжірибесі | Өтінім беру күні мен уақыты |
3. Конкурстық комиссия өлшемшарттарға сәйкес қарастыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1) конкурстың (лоттың) жеңімпазы ______________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған жағдайларды көрсету),
екінші орын иегері ____________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін көрсету) деп танылсын;
үшінші орын иегері ____________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін көрсету) деп танылсын;
төртінші орын иегері ___________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін көрсету) деп танылсын;
және т.б. _____________________________________________________;
2) Конкурстың тапсырыс берушісі _________________ (атауын және орналасқан жерін көрсету) _______________-мен (конкурс жеңімпазының атауын көрсету) осы Қағидаларда белгіленген мерзімде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету немесе тауарлар жеткізу туралы шарт жасассын
Не:
__________________ конкурс (лот) өткізілмеді деп танылсын (конкурстың атауын және конкурсты (лотты) өткізілмеді деп тану себебін көрсету)
Не:
Мынадай негізде конкурс (лот) өткізілмеді: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім) ________ жылғы "__"___________№___.
Болдырмау туралы шешім қабылдаған орган: (______________________).
Не:
Осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу бойынша конкурстан (лоттан) бас тартылды.
Ескерту:
* Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәлімет көрсетілмейді.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).