"Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 шiлдеде № 36543 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      17-тармақ алынып тасталсын;

      20-тармақ алынып тасталсын;

      29-тармақ алынып тасталсын;

      36-тармақ алынып тасталсын;

      47-тармақ алынып тасталсын;

      5-тарауда 6 және 7-параграфтардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Қылмыс статистикасы бойынша байқау

      6-параграф. Ұлттық санақтарды өткізу барысындағы байқаулар";

      52-тармақ алынып тасталсын;

      62-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшының м.а.
Ә. Шауенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады