Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 25 шiлдедегi № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 шiлдеде № 36532 болып тіркелді

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
Б. Самбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 шілдедегі
№ 9
Бұйрығымен бекітілді

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) биржалық сауда – тауар биржасында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес электрондық нысанда биржалық сауда-саттық өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      2) сатушы – тауар биржасында биржалық тауарды белгіленген биржалық сауда қағидалары бойынша сатуды жүзеге асыратын клиент, биржалық дилер немесе маркет-мейкер;

      3) сатып алушы – тауар биржасында биржалық тауарды белгіленген биржалық сауда қағидалары бойынша сатып алуды жүзеге асыратын клиент, биржалық дилер немесе маркет-мейкер.

      3. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміндегі мәліметтер монополияға қарсы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және мүдделі тұлғалардың өтеусіз негізінде танысуы үшін қолжетімді.

2-тарау. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімі қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде қалыптастырылады және жүргізіледі және мынадай:

      1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;

      2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;

      3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.

      5. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ұсынған биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтердің негізінде, монополияға қарсы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттамалық расталған мәліметтерді берген кезде жүзеге асырылады.

      6. Монополияға қарсы орган биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде оларды қарайды, дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады, болжанатын жосықсыз қатысушыдан жазбаша түсіндіру сұратады және талдау нәтижелері бойынша биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы дәлелді шешім қабылдайды.

      7. Монополияға қарсы органға биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (қате) мәліметтер ұсынылған жағдайда, монополияға қарсы орган 7 (жеті) жұмыс күні ішінде электрондық почта арқылы тауар биржасына және (немесе) тауар биржасының клирингтік орталығына 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қайта ұсыну қажет екендігі туралы хабарлама жібереді.

      Тауар биржасынан және (немесе) тауар биржасының клирингтік орталығынан биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қажетті мәліметтер ұсынылмаған жағдайда, хабарлама бұл туралы кейіннен тауар биржасын және (немесе) тауар биржасының клирингтік орталығын 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, қараусыз қалдырылуға жатады.

      8. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      Тізілімге енгізуден бұрын монополияға қарсы орган биржадағы сауда-саттыққа қатысушыны негіздерді көрсете отырып болжанатын енгізу туралы хабардар етеді және жазбаша қарсылықтар беру үшін кемінде 5 (бес) жұмыс күні мерзімін ұсынады.

      Белгіленген мерзімде жауап ұсынбай биржадағы сауда-саттыққа қатысушыдан қарсылықтардың жоқ екенін білдіреді.

      Сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтер енгізу кезінде:

      1) биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер ұсынған тауар биржасының және (немесе) тауар биржасы клирингтік орталығының атауы;

      2) жүргізілген биржадағы сауда-саттық туралы мәліметтер:

      биржалық тауардың атауы;

      сауда-саттықты өткізу күні;

      мәміленің нөмірі;

      3) сатушы және (немесе) сатып алушы туралы мәліметтер:

      сатушының және (немесе) сатып алушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы;

      резидент елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері (тіркеу куәлігінің нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болған кезде);

      4) жасалған биржалық мәміле бойынша шарттың нөмірі;

      5) биржалық сауда-саттыққа қатысушыны жосықсыз қатысушы деп танудың негізі көрсетіледі.

      9. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданатын монополияға қарсы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімінен мәліметтерді алып тастау туралы ақпарат 3 (үш) жұмыс күні ішінде монополияға қарсы органның интернет-ресурсында орналастырылып, тауар биржаларына және тауар биржаларының клирингтік орталықтарына жұмыста пайдалану үшін жіберіледі.

      Қабылданған шешім туралы монополияға қарсы орган сондай-ақ биржадағы сауда-саттыққа қатысушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      10. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі ) жылды құрайды.

      Биржадағы сауда-саттыққа қатысушы биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы монополияға қарсы органның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

      11. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген сатушылар немесе сатып алушылар биржадағы сауда-саттыққа қатысуға жіберілмейді.

      Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.

      Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімінен мәліметтерді алып тастау туралы ақпарат 1 (бір) жұмыс күні ішінде монополияға қарсы органның интернет-ресурсында орналастырылып, тауар биржаларына және тауар биржаларының клирингтік орталықтарына жұмыста пайдалану үшін, сондай-ақ биржадағы сауда-саттыққа аталған қатысушыларға жіберіледі.

      12. Биржадағы сауда-саттыққа қатысушыларды тізілімге енгізу туралы шешім монополияға қарсы орган басшының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ресімделеді.

      13. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) сәйкес биржалық тауарларды тауар биржалары арқылы өткізу міндеттемесі бар тұлғалар енгізілмейді.

  Биржадағы сауда-саттыққа
жосықсыз қатысушылардың
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер ұсынған тауар биржасының және (немесе) тауар биржасы клирингтік орталығының атауы

Өткізілген биржадағы сауда-саттық туралы мәліметтер

Сатушы және (немесе) сатып алушы туралы мәліметтер

1

2

3


Биржалық тауардың атауы

Тауар биржасының интернет-ресурсында хабарландыруды орналастыру күні

Сауда-саттықты өткізу күні

Мәміленің нөмірі

Сатушының және (немесе) сатып алушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы;

Резидент елі

Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін)

Бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері тіркеу деректері (тіркеу куәлігінің нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болған кезде);




      кестенің жалғасы

Жасалған биржалық мәміле бойынша шарттың нөмірі

Биржадағы сауда-саттыққа қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп танудың негізі

4

5



  Биржадағы сауда-саттыққа
жосықсыз қатысушылардың
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер ұсынған тауар биржасының және (немесе) тауар биржасы клирингтік орталығының атауы

Өткізілген биржадағы сауда-саттық туралы мәліметтер

Сатушы және (немесе) сатып алушы туралы мәліметтер

1

2

3


Биржалық тауардың атауы

Сауда-саттықты өткізу күні

Мәміленің нөмірі

Сатушының және (немесе) сатып алушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы;

Резидент елі

Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін)

Бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері тіркеу деректері (тіркеу куәлігінің нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болған кезде);




      кестенің жалғасы

Жасалған биржалық мәміле бойынша шарттың нөмірі

Биржадағы сауда-саттыққа қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп танудың негізі

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу күні

4

5

6




  Биржадағы сауда-саттыққа
жосықсыз қатысушылардың
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мынадай мәліметтер енгізілсін:

      "

Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер ұсынған тауар биржасының және (немесе) тауар биржасы клирингтік орталығының атауы


Өткізілген биржадағы сауда-саттық туралы мәліметтер:

биржалық тауардың атауы


сауда-саттықты өткізу күні


мәміленің нөмірі


Сатушы және (немесе) сатып алушы туралы мәліметтер:

сатушының және (немесе) сатып алушының атауы


резидент елі


Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін)


бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері


Жасалған биржалық мәміле бойынша шарттың нөмірі


Биржадағы сауда-саттыққа қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп танудың негізі


Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу күні


  ".

      2. Тізілімде болу мерзімі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл болып белгіленсін.

      3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адам Т.А.Ә.

      Пайдаланылатын аббревиатуралар:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады