"Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 332-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 шiлдеде № 36528 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.";

      Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 332-НҚ бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу
қағидаларына
1-1-қосымша

Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

№ п/п

Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)

Ұйымдар атауы

1

2

3

1.

92 %

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ

2.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК

3.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК

4.

85 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК

5.

87 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

6.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

7.

97 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК

8.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК

9.

96 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Республикалық академиялық неміс драма театры" РМҚК

10.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК

11.

97 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК

12.

93 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" РМҚК

13.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК

14.

97 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК

15.

93 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК

16.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры" РМҚК

17.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК

18.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК

19.

88 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

20.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК

21.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК

22.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

23.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

24.

85 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" РМҚК

25.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК

26.

70 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

27.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" РМҚК

28.

90 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

29.

97 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК

30.

95 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК

31.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

32.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

33.

98 %

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

      Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады