БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Туристерді орналастыру орындарын сыныптау жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау жөніндегі қағидалар негізгі мақсаттарды, ұйымдастыру құрылымдарын, минимальды талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттарды беру тәртібін реттейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларының негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сыныптауды өткізу барысында туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сыныптау – жалпы бірдей белгілері бар, нысандары бір топқа кіретін объектілерді, түсініктерді, сыныптар, топтар, дәреже бойынша атауларды тарату, бөлу;
2) өтінім – туристерді орналастыру орындарына сыныптау рәсімдерін өту үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім берушінің жазбаша жазған хаты;
3) өтінім беруші – өтінім беруші – туристерді орналастыру орындарына сертификат алу үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) орналастыру орындары – туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
5) орналастыру орнындағы нөмір – туристердің уақытша тұруына қажетті жиһазы, жабдықтары және мүліктері бар бір немесе бірнеше бөлме;
6) нөмірлі қор – орналастыру орындары нөмірлерінің (құралдарының) жалпы саны;
7) сюит – ауданы 75 шаршы метр (бұдан әрі – м 2 ) кем емес, үш және одан да көп тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлме/ас бөлмесі, жұмыс бөлмесі және жатын бөлме), стандартты емес екі адамдық кереуеті (180 сантиметр х 200 сантиметр) және қосымша қонақтарға арналған дәретханасы бар орналастыру орнындағы нөмір (қонақ бөлмеге/ас бөлмесіне және жұмыс бөлмесіне жайдағы визуалды шектеуде қонақ бөлмесі/ас бөлмесі және жұмыс бөлмесі арасындағы қалқалардың жоқтығына рұқсат етіледі);
8) апартамент – ауданы 40 м 2 кем емес, екі және одан да көп тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлме/ас бөлмесі, жатын бөлме), ас үйдің жабдықтары бар орналастыру орнындағы нөмір;
9) люкс – ауданы 35 м 2 кем емес, екі тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлмесі және жатын бөлме), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
10) студия – ауданы 25 м 2 кем емес, бір/екі адамның тұруына арналған, бөлменің бөлігін қонақ бөлме/ас бөлмесі/жұмыс бөлмесі ретінде пайдалануға мүмкіндік беруге жобаланған орналастыру орнындағы бір бөлмелі нөмір;
11) бірінші санаттағы нөмір – бір/екі кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын толық санитарлық сепкішті (былау/себезгі, қол жуғыш, унитаз), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
12) екінші санаттағы нөмір – бір/екі кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын толық емес санитарлық сепкішті (қол жуғыш, унитаз, не екі нөмірлі блоктағы бір толық санитарлық сепкіш), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
13) үшінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, толық емес санитарлық сепкішті (қол жуғыш, унитаз, не екі нөмірлі блоктағы бір толық санитарлық сепкіш), бірнеше адамның тұруына арналған, орналастыру орнындағы нөмір;
14) төртінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, бірнеше адамның тұруына арналған қол жуғышы бар орналастыру орнындағы нөмір;
15) бесінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, бірнеше адамның тұруына арналған қол жуғышы жоқ (қол жуғыш дәлізде) орналастыру орнындағы нөмір;
16) туристерді орналастыру орындары санатының белгісі – қонақ үйлерді және өзге де орналастыру орындарын нақты санатқа сәйкестілігін аттестаттау туралы ақпаратты тұтынушыға және басқа да мүдделі тараптарға жеткізу нысаны.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сәйкестікті растайтын құжаттың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес белгіленеді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Сыныптауды жүргізу тәртібі";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Туристерді орналастыру орындарын сыныптауды өткізудің тәртібі мынадай тізбекті рәсімдерді өткізуді көздейді:
1) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес сыныптау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарымен бірге өтініш берушінің сәйкестілікті растау жөніндегі органға өтінішті және сауалнаманы тапсыруы;
2) сәйкестілікті растау жөніндегі органның алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
3) сыныптау тексерістерін сәйкестілікті растау жөніндегі органның белгіленген жерге баруы арқылы комиссияны жүргізуі;
4) сәйкестілікті растау жөніндегі органның шешім қабылдауы және сертификатты беруі (беруден бас тартуы).
Әрбір келесі рәсім алдыңғы оң нәтижеден кейін орындалады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Өтініш бойынша шешім қабылдау және алдын ала бағалау";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Егер өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қарастырылған талаптарға сай келмеген жағдайда немесе толық ұсынылмаса, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қарастырылған, негізделген себептерін мерзімінде көрсете отырып, өтінішті қайтаруға тура келеді.
Өтінімді қайтару үшін негіздер анықталған кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім берушіге өтінімді қайтару жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын өтінім берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Сыныптауды бағалауды өткізу";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сыныптау бағамында мыналар қарастырылады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес туристерді орналастыру орындарының сыныптау талаптарына сай келуі;
2) осы Қағидаларға 4-8-қосымшалардың 2-6-кестелеріне сәйкес туристерді орналастыру орындарының балдық бағалау критерийлеріне сай келуі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сыныптауды бағалау осы Қағидаларға сәйкес өткізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сыныптау жөніндегі сертификатты беру, беруден бас тарту, әрекетін тоқтата тұру, қайтару және күшін жою Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес іске асырылады.";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 1-қосымша"; |
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Телефон ________________ E-mail ______________";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тұлға
______________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
орналастыру орнына және орналастыру орнының сыныптау бөлмелеріне өткізуді сұрайды.";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш беруші Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларын орындауға міндеттенеді.";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 2-қосымша"; |
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Телефон________________E-mail_______________";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) ___________";
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық қарсылық қағидалар және нормалардың сақталуы _________________________________________,";
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланысқа жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және байланыс телефонын көрсетуіңізді сұраймыз.";
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 3-қосымша"; |
1-кесте. Әр түрлі санаттағы туристерді орналастыру орындарына қойылатын талаптарда:
8 қызметтер бөлімінде:
реттік нөмірі 42-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
экскурсиялар, гидтер | + | + |
";
10 персоналға және оны даярлауға қойылатын талаптар бөлімінде:
реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Белгіленген жұмыс қағидаларды функционалдық міндеттерді көрсететін персонал үшін жазбаша стандарттар | + | + | + | + | + |
";
10 персоналға және оны даярлауға қойылатын талаптар бөлімінде:
реттік нөмірі 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Біліктілік: туристтік индустрия қызметкерлері негізгі лауазымдарына – "Қонақ үй" секторы басшылармен персоналдың біліктілік талаптарына сәйкестігі (кәсіби стандарттарға) | + | + | + | + | + |
";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 4-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 4-қосымша"; |
2-кесте. Бөлме саны 50-ден асатын әр түрлі санаттағы туристерді орналастыру орындарына балдық баға беру өлшемдерінде:
реттік нөмірі 1.1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.1 | Орналастыру орнының республикалық маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 6 |
Орналастыру орнының жергілікті маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 4 |
";
реттік нөмірі 7-жолы алып тасталсын;
реттік нөмірі 9.7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
9.7 | Казиноның бар болуы ("Ойын бизнесы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсат берілген жерлерде) | 1 |
";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 5-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 5-қосымша"; |
3-кесте. Бөлме саны 50-ден кем әр түрлі санаттағы туристерді орналастыру орындарына балдық баға беру өлшемдерінде:
реттік нөмірі 2.1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
2.1 | Орналастыру орнының республикалық маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 6 |
Орналастыру орнының жергілікті маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 4 |
";
реттік нөмірі 8-жолы алып тасталсын;
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 6-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 6-қосымша"; |
4-кесте. Мотельдерді, кемпингтерді, туристік базаларды, қонақ үйлерді, демалыс үйлерді, пансионаттарды және ұқсас орналастыру орындарына балдық баға беру өлшемдерінде:
реттік нөмірі 7.1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7.1 | Орналастыру орнының республикалық маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 6 |
";
реттік нөмірі 7.2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7.2 | Орналастыру орнының жергілікті маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіш ғимаратында орналасуы | 4 |
";
реттік нөмірі 7.3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7.3 | Орналастыру орнының тарих және мәдениет ескерткіштері, ғибадат үйі (ғимараты), қорық, географиялық көрнектi орындар аумағында орналасуы | 3 |
";
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 7-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 7-қосымша"; |
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 8-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 8-қосымша"; |
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 9-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 9-қосымша"; |
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесіне 10-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген Туристерді орналастыру орындарын сыныптау қағидаларына 10-қосымша". |
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі