"Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 23 шiлдедегi № 215-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 шiлдеде № 36504 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22758 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларында 7 және 8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аккредиттеу субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды аккредиттеу жөніндегі органға ұсынады.

      Аккредиттеу субъектісінің өтініші негізінде аккредиттеу жөніндегі органға құжаттарды ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.

      8. Аккредиттеу жөніндегі орган ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді және талдау нәтижелері бойынша мониторинг қорытындысын жасайды және онда келесі көрсетіледі:

      1) жасалған күні;

      2) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      3) аккредиттеу субъектісінің атауы;

      4) мониторинг жүргізу кезеңі;

      5) аккредиттеу субъектісі қызметінің мониторингке жататын кезеңі.

      6) мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер;

      7) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) қолы қойылады.

      Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісін мониторинг нәтижелері туралы құжаттар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      12 және 13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аккредиттеу жөніндегі орган өзінің ресми сайтында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей мониторинг нәтижелері туралы есепті жариялайды және онда келесі көрсетіледі:

      1) аккредиттеу субъектілерінің саны туралы статистикалық деректер бойынша мониторинг жүргізілді, мониторинг нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған және анықталмагандар;

      2) мониторинг жүргізілген аккредиттеу субъектілерінің атаулары, аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкес остігі туралы ақпарат;

      3) сәйкессіздіктер анықталған аккредиттеу субъектілеріне қатысты қабылданған шаралар туралы ақпарат.

      13. Егер аккредиттеу өлшемшарттарына анықталған сәйкессіздіктерде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган, осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті шаралар қабылдау үшін қорытындыны және жиналған материалдарды жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Бижанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады