БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар (бұдан әрі – Ең төменгі нормативтер мен талаптар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Теңізде және сақтық- аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Теңіз порттары мен объектілерінің иелері әзірлейтін теңізде және – сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларда қажетті ресурстардың толық сипаттамасы қамтылады.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариаланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар
1-тарау. Теңіз порттары. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | Персонал | ||||
1) | мұнайдың авариялық төгілуін жоюды басқару және басшылық беру персоналы (бұдан әрі – МАТЖ) | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; | ||
2) | бондық бөгеттерді орнататын персонал | 2 адам | |||
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгетті орнататын персонал | 2 адам | |||
4) | шағын көлемді жағалаулық кемені жүргізуші | 1 адам | кеме жүргізушілерде шағын кемелерді жүргізу құқығына куәлігінің бар болуы | ||
2 | Кемелер | ||||
1) | МАТЖ үшін шағын көлемді жағалаулық кеме | 1 бірлік қозғалтқыш қуаты 200 ат күші немесе одан жоғары |
жағалаулық бондық бөгеттерді және (немесе) сорбенттер орнату; | ||
3 | Жабдық | ||||
1) | щетқалы/диск түріндегі мұнай жинақтаушы | 2 бірлік қуаты - сағатына 10 тонна немесе одан жоғары |
су бетінен мұнайды жинау; | ||
орнату құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлары және т. б.) бар бондық бөгеттер | 300 м / 250 мм немесе одан жоғары |
мұнай дағын қорғау және оқшаулауды қамтамасыз ету; | |||
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгет | 50 м | |||
4) | зәкір жинақтамасы | 10 бірлік | бондық бөгетті орнықтыру | ||
5) | шлангалары бар су сорғылары, бондардың әуе камераларын толтыруға арналған үрлеу сорғылары | 1 бірлік | мұнайды жағалаулық нығыздалған бондық бөгетке толтыру үшін мұнайды жуу немесе қозғау | ||
4 | Химиялық заттар | ||||
1) | диспергенттер | 0,4 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; | ||
5 | Өзге де материалдар | ||||
1) | жиналған мұнайды сақтауға арналған уақытша резервуарлар | 2 бірлік 10 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; | ||
2) | газ (газдар) детекторы | 2 бірлік | қауіпсіздікті, газ табуды қамтамасыз ету | ||
3) | генератор | 1 бірлік қуаты 4 кВА | электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету |
2- тарау. Теңіз объектілері. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Персонал | ||
1) | МАТЖ-ды басқару және басшылық беру персоналы | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; |
2) | бондық бөгетті орнататын персонал (егер МАТЖ-дың негізгі кемесінде бүйірлік орнату және жинақтау жүйесі болмаса) | 2 адам | |
2 | Кемелер | ||
1) | оның көмегімен теңізде бондық бөгеттерді орнату немесе бүйірлік жүйені немесе бүйірлік орнату және жинақтау жүйесін бекітіп қою мүмкін болатын кеме (МАТЖ-дың негізгі кемесі) | 1 бірлік |
жағалаулық бондық бөгетті және/немесе сорбенттерді орнату; |
2) | бондық бөгетті орнатуға арналған қосымша кеме (егер МАТЖ-дың негізгі кемесінде бүйірлік орнату және жинақтау жүйесі болмаса) | 1 бірлік | |
3 | Жабдық | ||
1) | щетқалы/диск түріндегі мұнай жинақтаушы | 1 бірлік қуаты - сағатына 10 тонна немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
2) | орнату құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлары және т. б.) бар бондық бөгеттер | 300 м / 750 мм немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
4 | Химиялық заттар | ||
1) | диспергенттер | 0,4 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; |
5 | Өзге де материалдар | ||
1) | Жиналған мұнайды сақтауға арналған жүзетін уақытша резервуарлар | 2 бірлік 25 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; |
3- тарау. Теңіз порттары мен объектілері. Мұнай төгілуінің екінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Персонал | ||
1) | МАТЖ-ды басқару және басшылық беру персоналы | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; |
2) | бондық бөгетті орнататын персонал | 3 адам | |
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгетті орнататын персонал | 2 адам | |
2 | Кемелер | ||
1) | оның көмегімен теңізде бондық бөгеттерді орнату мүмкін болатын кеме (МАТЖ-дың негізгі кемесі) | 1 бірлік |
бондық бөгеттерді орнату; |
2) | бондық бөгетті орнатуға арналған қосымша кеме (қосалқы кеме) | 1 бірлік | |
3) | МАТЖ үшін шағын көлемді жағалаулық кеме | 1 бірлік, қозғалтқыш қуаты 200 және одан жоғары ат күші |
жағалаулық бондық бөгетті және (немесе) сорбенттер орнату; |
3 | Жабдық | ||
1) | олеофильді (дискілі) мұнай жинақтаушы | 2 бірлік қуаты 12 м3/сағ және одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
2) | мұнай жинағыштың суағар жүйесі | 1 бірлік қуаты 20 м3/сағ. және одан жоғары | |
3) | мұнай жинаудың вакуумдық жүйесі | 2 бірлік қуаты 12 м3/сағ. және одан жоғары, қуаты 10 м3/сағ. және одан жоғары | |
4) | оларды орнатуға арналған құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлар және т. б.) бар үрлеу бондық бөгеті | 500 м /1100 мм немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
5) |
пенопласттан жасалған жағалаулық бондық бөгет немесе оларды орнатуға арналған құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлар және т. б.) бар үрлеу бондық бөгеті; |
1200 м /750 мм; | |
4 | Химиялық заттар | ||
1) | диспергенттер | 10 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; |
5 | Өзге де материалдар | ||
1) | жиналған мұнайды сақтауға арналған уақытша резервуарлар | 4 бірлік 10 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; |
2) | генератор |
1 бірлік қуаты - 4 кВА; | электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. |
3) | газ (газдар) детекторлары | 2 бірлік | қауіпсіздік, газды табу |
Ескертпе:
*ASTM F1778-07 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4861 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін скиммерлерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
**ASTM F1523-94 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4863 тіркелген Су объектілерінің жіктемесіне сәйкес бондық бөгеттерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
**ASTM F2683-11 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4865 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін бондық бөгеттерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F1413-07 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4856 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: тозаңдау саптама қарнағы мен саптама жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F1737-2015 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4857 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: тозаңдау саптама қарнағы мен саптама жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F2465-05 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4864 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: бір нүктелі тозаңдау жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты.