"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 11 шiлдедегi № 358/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 шiлдеде № 36451 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықтың 1-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2025 жылғы 11 шілдедегі
№ 358/НҚ бұйрығына қосымша/
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындар атаулары

Ерекшелік

1. Ағымдағы шығындар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

1)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

158

2)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау

158

3)

лицензияланған бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау

158

4)

бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау

158

5)

серверлік жабдықты және деректерді сақтау жүйесін техникалық қолдау

158

6)

серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру

158

7)

ақпараттық жүйенің аудиті

158

8)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау

158

9)

серверлік жабдыққа және деректерді сақтау жүйесіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету

158

10)

ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі

158

11)

"электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімін (бұдан әрі – платформалық бағдарламалық өнім) әзірлеу

158

12)

платформалық бағдарламалық өнімді сүйемелдеу

158

13)

платформалық бағдарламалық өнімді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау

158

14)

платформалық бағдарламалық өнім хостингі

158

2. Негізгі құралдарды сатып алу

1)

серверлік жабдық

414

2)

деректерді сақтау жүйесі

414

3)

резервтік көшіру жүйесі

414

4)

аппараттық-бағдарламалық кешен

414

3. Материалдық емес активтерді сатып алу

1)

бағдарламалық қамтылым

416

2)

лицензиялық-бағдарламалық қамтылым

416

4. Дамытуға бағытталған күрделі шығындар

1)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру

434

2)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу

434

3)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту

434

4)

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

434

5)

инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық

434

6)

инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау және резервтік көшіру жүйелері

434

7)

инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтылым

434

8)

инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтылым

434


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады