ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Түсушіге ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, сондай- ақ өтініштерді қабылдау кезеңінде ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш бермегендерге тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:";
74-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74-1. Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:
1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;
2) күнтізбелік жылғы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;
3) күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін (бұл ретте ҰБТ нәтижесі республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды);
4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғалар үшін бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге жол берілмейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және/немесе БРИКС елдерінің топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (Quacquarelli Symonds, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education) және/немесе топ-100 Ұлттық рейтингтеріне кіретін олардың филиалдары үшін осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерде өткізілген ҰБТ нәтижелері республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін жарамды болады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Г. Кобенова |