Қазақстан Республикасының Су кодексі 129-бабының 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Су қоймаларын техникалық пайдалану және абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашалығы имараттарын дамыту департаменті заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 30 маусымдағы № 163-НҚ Бұйрығына 1-қосымша |
Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалар
1. Осы Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленді және су қоймаларының су ресурстарын пайдаланудың тәртібін айқындайды.
2. Үлгілік қағидалар мыналар пайдалануға арналған:
1) бассейндік су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі инспекциялар (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары);
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) су қоймаларын құрайтын гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері және осындай гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланатын ұйымдар;
4) су қоймаларының су ресурстарын су пайдалану шарттарына және оларды пайдалануға беру туралы шешімдерге сәйкес пайдаланған кезде су пайдаланушылар.
3. Міндетті түрде су қоймаларын бастапқы толтыруды қоспағанда, су қоймаларының су ресурстарын пайдалану олар пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Су қоймасын бастапқы толтыру жобалық құжаттамада белгіленген жылдамдықпен жүргізіледі және әрбір толтырылған метрлік қабаттан кейін үзілістермен жүзеге асырылады.
5. Су қоймасындағы су деңгейлерін ұстап тұру деңгейлері мен мерзімдері жобалық құжаттамаға және нақты су қоймасы бойынша су ресурстарын пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.
6. Су қоймаларының су ресурстары ауызсумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жылу энергетикасы, гидроэнергетика, өрт сөндіру, сауықтыру және рекреациялық мақсаттар, аң шаруашылығы, балық аулау және аквакультураны жүргізу, сондай-ақ табиғатты қорғау мақсатында пайдаланылады.
Су қоймасынан экологиялық ағынды қамтамасыз ету үшін табиғатты қорғау су жіберулері жүзеге асырылады.
Табиғатты қорғау су жіберулері су объектісінің табиғи режимін, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, сондай-ақ су тасқыны кезінде өзен арналарын шаю қажеттілігінен туындайды.
7. Су ресурстарын пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 93, 113, 114, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129-баптарының талаптарына сәйкес әрбір нақты су қоймасын пайдалану ережелерінде әрбір мақсатты пайдалану үшін жеке анықталады.
8. Әрбір су қоймасы бойынша су ресурстарын пайдалану режимін белгілеу мынадай ережелерді қамтиды:
1) ауызсумен жабдықтау мен экологиялық ағынды қамтамасыз ету кезінде су пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу;
2) қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу;
3) су қоймасының акваториясын жарамды күйде ұстау;
4) өрт сөндіру жағдайларын қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 6-тармағында белгіленген жағдайларда су ресурстарын пайдаланудың рұқсат беру тәртібін сақтау;
5) белгіленген тәртіппен су ресурстарын алу (алу) көлемінің және ағынды сулар мен (немесе) дренаждық сулардың ағызу көлемінің, олардың сапасының есебін жүргізу;
6) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында бассейндік су инспекцияларымен келісілген шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәртібін сақтау;
7) су қоймаларындағы апаттар мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (сүзгілеу, шөгу, опырылу, шаю, туннельдерде тау жыныстардың шығуы) туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, су пайдаланушыларды хабардар ету.
9. Су қоймаларын толтыру және жұмыс істету нақты су қоймасының су ресурстарын режимге сәйкес жүзеге асырылады, құрылыстардың барлық элементтерінің және (немесе) оның жобалық құжаттамасының жай-күйіне жүйелі бақылау жүргізіледі. Гидротехникалық құрылысжайлардың толып кетуінен апаттық жағдай туындаған кезде, гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері (иеленушілері) су қоймаларын толтыруды тоқтатып, оларды босатуға кіріседі.
10. Жыл сайын 1 ақпанға дейін гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) су тасқынына қарсы комиссия құрады, ол:
1) су тасқынын өткізуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
2) гидрологиялық болжамға және нақты метеожағдайларға байланысты су қоймасын толтыру және жұмыс істету тәртібін белгілейді;
3) бөгеттің қысымды беткейлерінің, су тастау және су алу құрылыстарының, каналдардың, бөгеттердің және су қоймасының жағалау аймағының жай-күйін тексереді.
11. Гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) мыналарды қамтамасыз етеді:
1) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану қағидаларын сақтау;
2) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі жай-күйіне жүйелі талдау жүргізу;
3) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйін тұрақты тексеруді жүргізу;
4) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құру;
5) гидротехникалық құрылысжайлардағы азаматтық қорғаудың жергілікті хабарлау жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау.
12. Су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі):
1) су тасқыны комиссиясы мүшелерінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырады;
2) су деңгейіне және су қоймаларының жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізеді.
13. Су тасқыны өткеннен кейін гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) барлық гидротехникалық құрылысжайларды: бекітпелерді, беткейлерді, төменгі бьефтің бекітпелерін қарап шығуды және осы қарап шығу нәтижелерін құжаттауды ұйымдастырады.
14. Гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері (иеленушілері) су қоймасының су режиміндегі өзгерістер туралы, оның ішінде гидротехникалық құрылысжайларда апаттар және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (сүзгілеу, шөгу, опырылу, шаю, туннельдерде тау жыныстардың шығуы) туындаған кезде азаматтық қорғау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және су пайдаланушыларды хабардар етеді.
15. Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану қағидалары құрылыс жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Су кодексінің 129-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленеді. Пайдалану тәжірибесінің жинақталуына қарай осы қағидалар түзетулеге, бірақ бес жылда бір реттен сиретпей түзетілуге тиіс. Су қоймаларының каскады үшін бірыңғай қағидалар әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 30 маусымдағы № 163-НҚ Бұйрығына 2-қосымша |
Су қоймаларын техникалық пайдалану мен абаттандырудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1 Осы су қоймаларын техникалық пайдалану мен абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленді және олар су қоймаларын техникалық пайдалану мен абаттандырудың қағидаларын айқындайды.
2. Гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) жыл бойы су қоймасын техникалық пайдалану және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
3. Су қоймаларын қысқы кезеңде пайдалану кезінде гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) құрылыстар мен жағалаулардың мұз жүктемелерінен зақымдануын болдырмау шараларын қабылдайды. Мұз жамылғысының пайда болу кезеңінде оның түзілуін жеделдету және құрылыстардың алдында мұз үйінділерінің, сондай-ақ төменгі бьефтегі бітелулердің алдын алу үшін су ағызу азайтылады. Мұз жамылғысының айтарлықтай қалыңдығына жеткенде, су деңгейі тұрақты ұсталады, ал келіп түскен су төменгі бьефке ағызылады.
4. Жыл сайын, болжамды көктемгі су тасқынына бір ай қалғанда гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) су қоймасының қысымды фронтының және жағалау аймағының гидротехникалық құрылысжайларының жай-күйін тексеру;
2) су тасқынын өткізуді қамтамасыз ететін конструкциялар мен механизмдерге ағымдағы жөндеу жүргізу;
3) бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын тексеру (мұндай аппаратура болған жағдайда);
4) қақпақтардың, көтергіш механизмдердің және автоматты басқару құрылғыларының жұмысын сынау;
5) көтергіш механизмдердің электрмен жабдықталу сенімділігін тексеру (болған жағдайда).
5. Гидротехникалық құрылысжайларда су тасқыны кезінде апатқа немесе төтенше жағдайға әкелуі мүмкін ақаулар анықталған жағдайда, гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) су қоймасын толтыруға жол бермеу шараларын қабылдайды. Қатты нөсер жауған кезде су қоймасындағы судың ең жоғары деңгейінде су жинау және су алу құрылыстары су бұру трактінің өткізу қабілетін ескере отырып, келетін суды өткізу үшін ашылады.
6. Су тасқыны алдында және су тасқыны кезінде су қоймасын босату кезеңінде судың қолайлы болжамы болған кезде техникалық мүмкіндік болса, түбі шөгінділерден тазартылады. Тазарту шөгінділерді шаюға және тасымалдауға жеткілікті жоғарғы бьефте ағын жылдамдығын жасау кезінде жүргізіледі (кемінде 0,8 м/с).
7. Су қоймасын шөгінділерден шаю кезінде:
1) су берудегі үзілістер басқа су пайдаланушылармен келісім бойынша барынша қысқартылады.
2) су қоймасының жұмысқа қосылу және толу жылдамдығы гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздік талаптарын ескере отырып қамтамасыз етіледі (гидротехникалық құрылысжайлардың, сондай-ақ су қоймасы жағалауының тұрақтылығын қамтамасыз ету).
3) Гидротехникалық құрылыс каскадта жұмыс істеген жағдайда, төменгі бьефке су жіберу төмен орналасқан гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады.
8. Су қоймасы қатты лайланған жағдайда шөгінділер механикалық түрде жойылады (жерснарядтармен, жер қазғыштармен).
9. Су қоймасы жағалауын шайылудан, эрозиядан және толқын әсерінен қорғау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
1) еңістерді тегістеу, еңістерге арнайы шөптер егу немесе бетін табиғи көгалмен көмкеру;
2) еңістерді топырақты битум эмульсиясымен сіңіре отырып, цемент, битум, латекс, әртүрлі битум эмульсияларын қолдана отырып, тұтқыр материалдармен бекіту;
3) жағаны бұтақ төсенішпен немесе шыбықтармен, фашиналармен, ағаш бекіткіштермен жабу;
4) тас үйіндісінің негізін дайындамай және оның жағалау сызығымен түйіскен жерінде қосымша бекіткіштер орнатпай тас үйіндісін төгу;
5) көлденең ірі тастардан жасалған буналармен үйлестіре отырып, құм-қиыршық тас қоспасын 1,5-тен 2-қа дейінгі еңіспен төгу;
6) жатық құмды жағажайларды шаю;
7) жоғары абразивті жағаның еңістерін жоспарлау және негізін дайындамай бетон плиталарын төсеу;
8) еңістерді габион қалауымен бекіту;
9) бұзылатын жерді бетонмен немесе темірбетонмен қаптау;
10) арнайы тірек қабырғаларын орнату;
11) жаңбыр мен қар ерігеннен кейін пайда болған жыралар мен шайылуларды жүйелі түрде қадағалау, күту және жою;
12) еңістердегі және су қоймасына жақын аумақтардағы бар орман екпелері мен бұталарды күтіп ұстау және қорғау;
13) ағаштар мен бұталардың арнайы түрлерін отырғызу;
14) бұзылатын аумаққа бекітетін шөптер егу;
15) жаңбыр мен қар ерігеннен кейін пайда болған жыралар мен шайылуларды жүйелі түрде қадағалау, күту және жою;
16) еңістерде арнайы су ұстайтын тау бөгеттерін және каналдарды орнату;
17) сайларда арнайы құрылысжайлар (тоғандар, сатылы құламалар, жылдам ағындар және т.б.) орнату.
10. Су қоймаларын құрайтын гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) төменгі бьефте биік толқындардың пайда болуына жол бермейтін аралықпен су тастау тесіктерінің қақпақтарын көтеру арқылы төменгі бьефтегі түп пен жағалаудың шайылудан қорғалуын қамтамасыз етеді.
11. Су қоймасын құрайтын гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) су қоймасы, гидроторап және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді, сондай-ақ су қоймасының және су қоймасында орналасқан гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс режимі мен жай-күйін бақылау нәтижелері туралы ақпаратты және су қоймасын техникалық пайдалану кезінде жүргізілетін жұмыстар туралы ақпаратты құжаттайды.
12. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі су қоймасы және шаралар туралы мәліметтерді жинау, тіркеу, өңдеу және сақтау осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Су қоймасының негізгі параметрлері, су ағынының сипаттамасы туралы деректер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
14. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін техникалық пайдалану режимі олардың жобалық сипаттамаларын, нақты жай-күйін, пайдалану шарттарын, қызмет ету мерзімін және мақсатын ескере отырып белгіленеді.
15. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін техникалық пайдалану режимін өзгерту меншік иесінің (иеленушісінің) өкімдік құжатымен ресімделеді және су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясына үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
16. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін пайдаланудан шығарған кезде меншік иесі (иеленушісі) немесе гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланушы ұйым бұл туралы бассейндік су инспекциясына үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Пайдаланудан шығару меншік иесінің (иеленушінің) бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.
17. Жұмыс комиссиясының құрамына жергілікті атқарушы органдардың, су қорын қорғау және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті органдардың, сондай-ақ жобалау ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
18. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін пайдалану барысында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық құжаттама ресімделіп жүргізіледі.
19. Гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) жабдықтардың жай-күйіне және әсер ететін гидрометеорологиялық факторларға тұрақты мониторинг ұйымдастыру арқылы қауіпсіздікті, сақталуды және ұзақ мерзімділікті қамтамасыз етеді.
20. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарының бірі – авариялық-алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін кепілді резервті (жабдықтарды, бұйымдарды, тораптарды, бөлшектерді және құрылыс материалдарын) құру.
21. Кепілді резервтің көлемін меншік иесі (иеленушісі) пайдалану шарттарын, су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін конструктивтік ерекшеліктерін және ықтимал авариялық жағдайлардың тәуекелдерін ескере отырып анықтайды.
22. Физикалық тозуы бар, олардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенінің жеке элементтерінің бұзылуына әкелетін су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайларын техникалық пайдалануға жол берілмейді.
23. Су қоймасының барлық гидротехникалық құрылысжайлары олар үшін белгіленген пайдалану жүктемелерінің нормаларын қатаң сақтай отырып пайдаланылады.
24. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешені жобалық құжаттамада белгіленген нормадан артық жүктеме түсіруге жол берілмейді. Гидротехникалық құрылысжайды пайдаланатын меншік иесі рұқсат етілген жүктеме нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
25. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін пайдалану жөніндегі нормалар мен талаптар гидрологиялық, климаттық және техникалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты белгіленген мерзімде кемінде бір рет қайта қаралады. Пайдалану жүктемелерінің нормаларын қайта қарауды меншік иесі жобалау ұйымының ұсыныстары негізінде гидротехникалық құрылысжайды тексеруден кейін жүргізеді.
26. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін пайдалану жағдайлары мен оның жай-күйі өзгерген кезде жобалау ұйымы есептеулер жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша меншік иесі гидротехникалық құрылысжайды пайдаланудың жаңа режимін тағайындайды.
27. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін қысқы кезеңде пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспарын меншік иесі мен пайдаланушы ұйым әзірлейді және су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісіледі.
Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін қысқы кезеңде пайдалану кезінде меншік иесі ауданның климаттық және гидрометеорологиялық сипаттамаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, гидротехникалық құрылысжайларды қысқы жағдайда пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын жасайды.
28. Су қоймасының гидротехникалық құрылысжайды абаттандыру – жағалау жолағының санитарлық, экологиялық және техникалық жай-күйін сақтау мақсатында жүргізілетін кешенді іс-шараларды қамтиды, оның ішінде:
1) су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) су ресурстарының ластануын болдырмау;
3) экологиялық тұрғыдан тұрақты су пайдалануға жағдай жасау;
4) табиғи ландшафты сақтау.
5) жағалау жолағын қоқыстан, тұнбалардан және пайдалануға кедергі келтіретін өсімдіктерден тұрақты тазалау;
6) жағалауды бекіту, тегістеу және жоспарлау;
7) ақпараттық белгілерді, қоршауларды, жарықтандыру құралдарын орнату;
8) жағалау аймағын көгалдандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
2 тарау. Су қоймаларының түбі мен жағалауын пайдалану, жоспарлы тексеру, жөндеу және гидротехникалық құрылыстар кешенін ұстау тәртібі
29. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иесі (иеленушісі) техникалық тексерулерді, гидротехникалық құрылысжайларды кезекті және кезектен тыс техникалық тексерулерді, сондай-ақ оларды пайдалану режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
30. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешенінің түбі мен жағалауын пайдалану дноны тереңдету, тазарту, жағалауды бекіту, сондай-ақ қорғау, су тасқынына қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру кезінде, сонымен қатар жағалау жолағын техникалық қызмет көрсету үшін пайдалану кезінде рұқсат етіледі.
31. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін техникалық тексеру және зерттеу мыналарды қамтиды:
1) тұрақты техникалық тексерулер;
2) мерзімді техникалық тексерулер;
3) кезекті және кезектен тыс зерттеулер.
32. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешеніне мерзімді техникалық байқау жүргізу, сондай-ақ кезекті және кезектен тыс тексерулер жүргізу үшін меншік иесі комиссия құрады, оның құрамына меншік иесінің, жобалау ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, бассейндік су инспекциясының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
33. Тұрақты техникалық байқауды гидротехникалық құрылысжайдың меншік иесі (иеленушісі) жүргізеді.
34. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешенін тұрақты техникалық байқау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гидротехникалық құрылысжайлардың жай-күйі мен пайдалану режиміне техникалық байқау журналына енгізіледі.
35. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешенінің меншік иесінің (иеленушісінің) жауапты қызметкері тоқсан сайын техникалық байқау журналдарын қарайды және гидротехникалық құрылысқа техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеудің сапасына жалпы баға береді.
36. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешеніне меншік иесі (иеленушісі) тұрақты техникалық байқаудың мерзімділігін жағдайына және пайдалану шарттарына байланысты белгілейді, бірақ тоқсанына кемінде бір рет.
37. Мерзімді техникалық байқау жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Техникалық байқау нәтижелері бойынша су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешені жай-күйі туралы акт жасалады, онда жөндеуді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті деректер болады және техникалық байқау актілері түрінде ресімделеді.
38. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешені мерзімді техникалық тексерулерін жүргізу материалдары меншік иесінде (иеленушісінде) сақталады.
39. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешені кезекті тексеру құрылыстардың жай-күйіне және оларды пайдалану шарттарына байланысты жүргізіледі.
40. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешені жай-күйіне жалпы баға және оларды жөндеу немесе қайта құру бойынша ұсыныстар қамтылған кезекті тексерулердің негізгі нәтижелері тексеру актілері түрінде ресімделеді.
41. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайлар кешені кезектен тыс тексеру оларды пайдаланудың қалыпты жағдайлары бұзылған немесе олардың апаттық жай-күйі, сондай-ақ олардың жылжуы, деформациясы немесе зақымдануы анықталған жағдайларда жүргізіледі.
42. Кезектен тыс тексерулердің нәтижелері бойынша, тексеру актілерінің негізінде комиссия анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жөндеу жұмыстарының тізбесін жасайды, олар жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізіледі.
43. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайларды жөндеу (ағымдағы, күрделі) тұрақты, мерзімді техникалық тексерулердің, кезекті және кезектен тыс тексерулердің нәтижелері бойынша жоспарланады.
44. Су қоймаларының гидротехникалық құрылысжайларды күрделі жөндеу және реконструкциялау Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тиісті сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалармен орындалады.
Су қоймаларын техникалық пайдалану және аббаттандыру қағидаларына 1-қосымша |
Су қоймасы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар тізбесі
1. Су қоймасы мен оның құрылыстарының жобалық құжаттамасының, сондай-ақ құрылыс кезеңінде берілген барлық жұмыс сызбаларының толық жиынтығы;
2. Барлық құрылыстар бойынша атқарушылық сызбалар, сондай-ақ жұмыстарды орындауға және жекелеген құрылысжайларды аралық қабылдауға арналған актілер;
3. Жекелеген құрылыстар мен жабдық түрлерін қабылдау, іске қосу сынақтары актілері;
4. Су қоймасын тұрақты пайдалануға қабылдау туралы акт;
5. Гидротехникалық құрылыс аумағының, 1:25000 масштабтағы қорғау аймағының шекаралары сызылған ахуалдық жоспар, 1:5000 масштабтағы гидротораптың бас жоспары, арынды майдан құрылыстары, қоршау және қорғау бөгеттері бойынша жоспарлар мен қималар, су қоймасының жоспары, гидротехникалық құрылысжайлар мен олардың негіздерінің 1:25000 масштабтағы тән бойлық және бұрышты қималары;
6. Оның көлемдері мен аудандарына, ағызу шығындарына және жоғарғы бьефтегі су деңгейіне тәуелділік қисықтары;
7. Су қоймасының негізгі параметрлері және су ағынының сипаттамалары;
8. Су қоймасының су ресурстарын пайдалану қағидалары;
9. Барлық құрылыстар мен жабдықтардың паспорттары;
10. Арынды майдан бұзылған жағдайда су басу аймағына түсетін іргелес аумақтары бар гидротехникалық құрылысжай аумағының жоспары – ашық пайдалану үшін рұқсат етілген масштабта және егжей-тегжейлі;
11. Пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтары;
12. Су қоймасын құрайтын гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланатын ұйым қызметкерлерін жұмыстарды орындаудың және өндірісте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқыту туралы, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама жүргізу туралы, жұмыс орнында тағылымдамадан өту туралы, еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеру туралы мәліметтер.
13. Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі талаптары;
14. Кезекшілікті есепке алу журналы;
15. Бұйрықтар журналы;
16. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулық журналы;
17. Құрылыстарды күтіп ұстау немесе реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарын есепке алу журналы;
18. Гидротехникалық құрылысжайлардың жай-күйін бақылау журналы;
19. Су деңгейін бақылау журналы
Су қоймалардың техникалық пайдалану және аббаттандыру қағидаларына 2-қосымша Үлгі |
Су қойманың негізгі параметрлері және ағынсудың сипаттамасы туралы деректер
Су қоймасының негізгі параметрлері және су ағынының сипаттамалары ______________________________________________________________
(су қоймасының атауы)
Су қоймаларын техникалық пайдалану және аббаттандыру қағидаларына 3-қосымша Үлгі |
Су қойманың гидротехникалық құрылысжайларын пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамалардың тізбесі
№ | Атауы | құжаттама жүргізетін лауазымды тұлғалар | құжаттаманы сақтау орны | ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | гидротехникалық имараттардың жай-күйін және режимін тексеретін техникалық журналдар | меншік иесі | меншік иесі | мұрағатта сақтауды қажет ететін толтырылған журналдар |
2 | Гидротехникалық имараттарды тексерулер бойынша актілер мен есептер | комиссия өткізу мерзімді техникалық тексерулер және меншік иесі | меншік иесі | материалдар өткізу мерзімді техникалық тексерулер жинақталады есепке |
3 | Гидротехникалық имараттарды кезекті тексеру жөніндегі акт және есептер | кезекті тексерулер бойынша комиссия өткізу және меншік иесі | меншік иесі | |
4 | Кезектен тыс гидротехникалық имарттарды тексеру жөніндегі акт | кезектен тыс тексерулер комиссия өткізу және меншік иесі | меншік иесі | |
5 | гидротехникалық имараттарды жөндеу жұмыстары бойынша қабылдау-тапсыру актілері | күрделі жөндеу жұмыстарын қабылдау жөніндегі комиссия | меншік иесі |
Су қоймаларын техникалық пайдалану және аббаттандыру қағидаларына 4-қосымша Үлгі |
Гидротехникалық құрылысжайлардың пайдалану режимі мен жай-күйіне техникалық байқау журналы
№__________________________
Гидротехникалық құрылысжайды пайдаланатын меншік иесі:
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
__________________________________________________________________
Журнал жүргізетін қызметкердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
____________________________________________________________________
Журналдың басталу немесе жалғастыру күні басталуы: _______________________
жалғасты: ___________________
Тұрақты техникалық қарап-тексеру |
Анықталған ақауларды жою жөніндегі | ||
күні, айы, жылы |
ақауларды жою бойынша белгіленген | күні, айы, жылы | орындалған жұмыстар туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 |