Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 19 маусымдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 маусымда № 36315 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

      24-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында, демалыс және мереке күндері мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсету үшін кезекші инватаксилердің болуы.";

      28-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) құрылымында психикалық тұрақты мінез-құлықтағы анағұрлым бұзылысы бар, "Аутистік спектрдің бұзылуы F84.0-F84.5" диагнозы, "Ақыл-ой кемістігі F70-F79" диагнозы, Даун синдромы Q90 (Q90.0, Q90.1, Q90.2, Q90.9), жамбас пен жамбастың жасөспірімдік остеохондрозы M91 (М91.0, М91.1, М91.2, М91.3, М91.8, М91.9), көз ауруы және оның қосымша аппараты H00-H59, сүйек ақауынан туындаған туа біткен сколиоз Q76.3, бас жарақаттарының салдары Т90 (Т90.0, Т90.1, Т90.2, Т90.3, Т90.4, Т90.5, Т90.8, Т90.9), сирингомиелия G95.0, туа біткен ауытқулар, деформациялар және хромосомалық бұзылулар Z87.7, 4 дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, екі жақты уретрогидронефроз N18.8, өткізгіш және нейросенсорлық есту қабілетінің жоғалуы Н90, басқа есту қабілетінің жоғалуы Н91, қатерлі ісіктер C00-C97, дистония G24, тұқым қуалайтын атаксия G11, жұлынның бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, бұлшыкеттің алғашқы зақымдануы G71, шашыраңқы склероз G35, полиневропатия және басқа перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы G60-G64, spina bifida (жұлын каналының толық жабылмауы) Q05 (Q05.0, Q05.1, Q05.2, Q05.3, Q05.4, Q05.5, Q05.6, Q05.7, Q05.8, Q05.9), негізгі ергежейлілікпен көрінетін туа біткен ауытқулар синдромдары Q87.1, аяқ-қолдардың басқа жүре пайда болған деформациялары M21, бұлшыкеттің басқа бұзылыстары M62, цереброваскулярлық аурурлардың салдары I69, жамбас сүйгінің сынуы S72, басқа айдарларда жіктелмеген жарақаттан кейінгі жара инфекциясы T79.3, төменгі аяқ-қол жарақаттарының салдары T93, жүйке жүйесінің аурулары G00-G99, жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруының жеке анамнезде Z86.6, орталық жүйке жүйесінің басқа анықталған зақымданулары G96.8, шизофрения F20, микроцефалия Q02, мидың басқа нақтылған туа біткен ауытқулары Q04.8, гиперинсулинизм, жүйке жүйесінің басқа бұзылыстары G90-G99, эпилепсия G40 (G40.1, G40.2, G40.3, G40.4), церебральды сал ауруы G80 (G80.0, G80.1, G80.2, G80.3, G80.4, G80.5, G80.6, G80.7, G80.8, G80.9), басқа паралитикалық синдромдар G83, myasthenia gravis және жүйке-бұлшыкет синапсының басқа бұзылыстары G70, жұлының бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, басқа миопатиялар G72, сколиоз М41 (М41.0, М41.1, М41.2, М41.3, М41.4, М41.5, М41.8, М41.9).";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларға (оның ішінде 7 жасқа дейінгі) инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектіктің белгілеу мерзіміне арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылады.

      Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.

      2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.

      Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.

      Медициналық мекемеде (емханада) мүгедек баланың немесе мүгедектігі бар адамның негізгі және (немесе) ілеспе диагнозына сәйкес келетін бейінді маман болмаған кезде медициналық мекеменің (емхананың) дәрігерлік-консультациялық комиссиясы тиісті біліктілігі мен медициналық қызметке лицензиясы бар жеке бейінді маманның қорытындысын негізге алады.".

      2. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің операторы – жол ақыcын төлеудің электрондық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттарында жол жүру төлемін жолаушы автокөлік құралының қозғалысы жолаушының отырғызу пунктінен басталғаннан кейін және осы автокөлік құралының келесі аялдама пунктінде тоқтауды жүзеге асыруға дейін жасайды.";

      42-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін тұрақты маршруттар бойынша жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын, төлем карточкасын берусіз немесе электрондық төлем жүйесі, оның ішінде интернет және құрылғылар (оның ішінде шетелдік абоненттің) арқылы, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады, оның ішінде КьюР-нұсқауды (QR-нұсқауды) сканерлеу, СМС-хабарлама (SMS-хабарлама) жіберу және (немесе) жол ақысын төлеудің мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыралады.

      Жолаушыға жол жүру үшін төлеу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ қосымша ағылшын тілінде беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

      "52-1. Тұрақты қалалық және (немесе) қала маңындағы жолаушылар мен багажды тасымалдарда екі және одан көп жолақыны электрондық төлеу жүйесі операторларына маршруттарды қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:

      1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы (немесе одан жоғары) және шығарылған жылы (немесе одан кейін) ұқсас;

      2) Куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрамның класынан төмен емес және бұрын негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның шығарылған жылынан аспайтын;

      3) Куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрамның класынан төмен емес және бұрын резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның шығарылған жылынан аспайтын жағдайда осы Куәлiктi берген орган рұқсат бередi.";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Комиссияға:

      1) жергiлiктi атқарушы органдардың;

      2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;

      3) ӘПК-нің;

      4) жолаушылар автобус тасымалдаушылары бiрлестiктерiнiң;

      5) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар (конкурс өткізілетін елді мекенде болған жағдайда);

      6) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      Комиссия құрамы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысының алдын алу және жоюмен қалыптасады.";

      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Конкурс алдындағы комиссияның мүшелері конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық қосымшаларда көрсетілген автокөлік құралдары кластарының, моделдерінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда көрсетілген өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін, оның ішінде фото-және (немесе) бейне түсірілімдерді пайдалана отырып тексереді.

      Тексеру нәтижелерi бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкiсiне белгi қояды және осы Қағидаларға 12-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының және өндірістік-техникалық базаның осы Қағидалардың 13-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтаманы (бұдан әрi – Анықтама), сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда ұсынылған автокөлік құралдары мен өндірістік-техникалық базаның фото- және (немесе) бейне түсірілімдердің нәтижелерін қоса бередi.

      Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы пiкiрлер қалыптастыру және анықтамаға қол қою мақсатында тексеру объектілері мен түрлерi бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерiн бөлуге жол беріледі.

      Көрсетiлген құжаттар өтiнiммен және қатысушы ұсынған құжаттармен бірге тиiстi конвертке мөрленеді.";

      185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Шарт жасасқан Конкурс жеңiмпазына тиісті маршрутта жұмыс iстеу құқығын растайтын әрбір маршрутқа жеке Куәлiк берiледi (Шартты қолданудың барлық мерзiмiне). Көрсетiлген тасымалдауды Куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.";

      мынадай мазмұндағы 189-1-тармақпен толықтырылсын:

      "189-1. Тұрақты қалалық және қала маңындағы жолаушылар мен багажды тасымалдауға тікелей бағытталған жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге бірлескен қызмет көрсету туралы шарт, мердігерлік шарт және (немесе) басқа да азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасуға рұқсат етілмейді.";

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. Тұрақты қалааралық облысаралық маршрутта паритетті тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бар кезінде жергілікті атқарушы орган анықтаған тасымалдаушылар паритеттік негізде бірлескен тасымалдауды жүзеге асыру туралы шарт жасайды.

      Рұқсат құжаттары берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi, жолаушыларға қызмет көрсету пункті жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 196-3-тармақпен толықтырылсын:

      "196-3. Куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:

      1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы (немесе одан жоғары) және шығарылған жылы (немесе одан кейін) ұқсас;

      2) Куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрамның класынан төмен емес және бұрын негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның шығарылған жылынан аспайтын;

      3) Куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрамның класынан төмен емес және бұрын резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның шығарылған жылынан аспайтын жағдайда осы Куәлiктi берген орган рұқсат бередi.";

      324-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (ІІ класты) немесе алысқа жүретін автобустар (ІІІ класты), шағын автобустар пайдаланылады;";

      мынадай мазмұндағы 345-1-тармақпен толықтырылсын:

      "345-1. Автовокзалдың және (немесе) автостанцияның әкімшілігі жүгінген кезде, осы автовокзал және (немесе) автостанция орналасқан елді мекеннің аумағы шегінде жергілікті атқарушы органдар автовокзал және (немесе) автостанция қызмет көрсететін тұрақты маршрут бойынша қосымша жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінің орындарын келіседі.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2025 жылғы 19 маусымдағы
№ 191 Бұйрығына
1-қосымша
Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк

      Сериясы ХХХ N 000000

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана және республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған

      ___________________________________________________

      (мемлекеттiк органның атауы)

      ___________________________________________________

      берiлдi (куәлiк берген тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

      (болған жағдайда), қолы және лауазымы) мөр орны (болған жағдайда)

Маршрут бойынша:

Рейстердің орындалу тұрақтылығы

Апта күндері бойынша

Жөнелтілу уақыты

Бастапқы пункттен



Соңғы пункттен



Негізгі жылжымалы құрам туралы мәліметтер:

Автобус тардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы

Автобустардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы











































Резервтік жылжымалы құрам туралы мәліметтер:

Автобустардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы

Автобус тардың (шағын автобус тардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы











































      артқы жағы

Тасымалдаушы туралы деректер


Атауы


Мекенжайы

Телефон ____________
Факс ___________

басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


тасымалдауды ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Телефон ____________
Факс ___________

Тасымалдауды орындау кезеңі

_______ бастап _________ дейін
_______ бастап _________ дейін
_______ бастап _________ дейін
_______ бастап _________ дейін
_______ бастап _________ дейін
_______ бастап _________ дейін

Куәліктің берілген күні

____ жылғы "__"_______________

Куәлік жарамды

____ жылғы "__" _______________

      1. Куәлікке автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қозғалыс кестесі, қозғалыс маршрутының схемасы (түпнұсқалар) қоса беріледі.

      2. Осы куәлiк тасымалдаушыны Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидаларын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындау бойынша мiндеттерден босатпайды.

      3. Осы куәлiктi үшiншi жаққа беруге, сондай-ақ үшінші жаққа осы маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк

      Сериясы ХХХ N 000000

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңылық, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қаларалық) тұрақты тасымалдау маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған

      _______________________________________________

      (мемлекеттiк органның атауы)

      _______________________________________________

      берiлдi (куәлiк берген тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

      (болған жағдайда), қолы және лауазымы)

      мөр орны (болған жағдайда)

      Тасымалдаушы қызмет көрсететiн маршрут:

Маршруттың атауы

Қызмет көрсету кезеңi

Қызмет көрсету мерзiм






















      Маршрутқа осы куәлiктiң қосымшасында көрсетiлген автобустар (шағын автобустар) қызмет көрсетедi.

Тасымалдаушы туралы деректер:

Атауы


Мекенжайы

Телефон ______
Факс ______

басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


тасымалдауды ұйымдастыру үшiн жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Телефон ______
Факс ______

Куәлiктiң берiлген күнi

_____ жылғы "___" __________________

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен қозғалыс кестелерi, қозғалыс маршруттарының схемалары, сондай-ақ тариф кестелері (түпнұсқалары) куәлiкке қоса беріледі.

      2. Осы куәлiк тасымалдаушыны Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидаларын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын орындау бойынша мiндеттерден босатпайды.

      3. Осы куәлiктi үшiншi жаққа беруге, сондай-ақ үшінші жаққа осы маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

  Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қаламаңылық,
ауданішілік, ауданаралық
(облысішілік қаларалық)
тұрақты тасымалдау маршрутқа
қызмет көрсету құқығына
арналған куәлiкке
қосымша

      Сериясы ХХХ N 000000 __________________________________________

      (мемлекеттiк органның атауы)

      _______________________________________________________________

      берiлдi (куәлiк берген тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      қолы және лауазымы) мөр орны (болған жағдайда)

Негізгі жылжымалы құрам туралы мәліметтер:

Автобустардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы

Автобустардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы











































Резервтік жылжымалы құрам туралы мәліметтер:

Автобустардың (шағын автобустардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы

Автобус тардың (шағын автобус тардың) үлгiсi мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы











































      (__ парақтың __ парағы)

      Ескертпе: Куәлікте көрсетілген негізгі жылжымалы құрамның автобустары немесе шағын автобустары жарамсыз және оларды резервтік жылжымалы құраммен ауыстыру мүмкіндігі жоқ болған кезде, олардың орнына маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушының меншігіндегі немесе лизингке алынған үлгісі мен класы ұқсас (не одан жоғары) автобустарды немесе шағын автобустарды маршрутта уақытша (ауыстыру күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын) пайдалануға жол беріледі.

      Куәлікте көрсетілген негізгі жылжымалы құрамның автобустары немесе шағын автобустарының ауыстыру күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен астам жарамсыздығын жоюға мүмкіндік жоқ болған кезде, осы автобустар немесе шағын автобустар осы Қағидалардың 196-3-тармағына сәйкес ауыстырылады.

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда Куәлікте көрсетілген резервтік жылжымалы құрамның саны негізгі жылжымалы құрам санының 20% құрайды.

  Бұйрығына 2-қосымша
Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
12-1-қосымша
Нысан

Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдары мен өндірістік-техникалық базаның осы Қағидалардың 13-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтама

Р/с №

Көрсеткіш

Сейкестігін растау

Сәйкес

Сәйкес емес

1

Пайдалану мерзімі бар автобустардың, шағын автобустардың болуы:



5 жылға дейін



5 жылдан 9 жылға дейін



9 жылдан 12 жылға дейін



12 жылдан артық



2

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустардың, шағын автобустардың болуы



3

Отандық автобустардың, шағын автобустардың болуы



4

Дайындаушы зауыттың газ-моторлық отынмен жұмыс істеуге бейімделген автобустардың, шағын автобустардың болуы



5

Жеке меншікте автобустардың, шағын автобустардың болуы



6

Тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған автобустардың, шағын автобустардың болуы



7

Электр қозғалтқышы бар автобустардың, шағын автобустардың болуы



8

Өндірістік-техникалық базаның бар болуы



Өндірістік корпус:



техникалық қызмет көрсету кешені (аймақ, учаске)



Ағымдағы жөндеу кешені:



посттар



өндірістік учаскелер және цехтар



Қойма үй-жайлары



Автотұрақ, соның ішінде:



ашық



жабық



Жинастыру-жуу кешені:



қолмен жуу



механикаландырылған жуу



Бақылау-техникалық пункті



Әкімшілік ғимарат (үй-жай)



Үй-жай немесе ішінде медпункт бөлмесі



Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар



9

Резервтік жылжымалы құрамның болуы



10

Аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабардар ету тәсілінің болуы:



магниттік жазба арқылы



автобустық дауыс зорайтқышы жабдық арқылы



кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды



11

Жол үстінде бейне сүйемелдеу мүмкіндігінің бар болуы



12

Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы



13

Автобуста тасымалдауды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары бойынша деректерді беру жүйесінің болуы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады