Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 118-НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы техника – бұл су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануға және жөндеуге арналған мамандандырылған машиналар мен механизмдер.
2) ведомстволық бағынысты ұйым – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
3) жабдық – бұл су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және жөндеу үшін белгілі бір жұмыстарды орындау үшін қолданылатын техникалық құрылғылар, құралдар мен механизмдердің жиынтығы;
4) қаржы лизингі шарты – соған сәйкес лизинг беруші белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алынған лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда бір жылдан астам мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенетін мәміле, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
5) лизингтік төлемдерді төлеу – лизинг алушының қаржы лизингі шарттарында лизингтік төлемдерді төлеуге жұмсаған шығындарын өтеу;
6) лизингтік төлемдер кестесі – қаржы лизингі шартына сәйкес және лизинг нысанасын жеткізу мерзімдерін ескере отырып, әрбір лизинг алушы үшін жеке қалыптастырылатын лизингтік төлемдерді өтеу мерзімдері, мөлшері, бір қаржылық қызметке лизингтік төлемнің үлесі, сыйақының жалпы сомасы және айына қаржылық қызметтердің жоспарлы саны туралы ақпарат;
7) лизинг беруші – лизингтік мәмілеге қатысушы, ол тартылған және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын меншігіне алады және оны қаржы лизингі шартының талаптары бойынша лизинг алушыға береді;
8) лизинг алушы – қаржы лизингі шартының талаптары бойынша лизинг нысанасын қабылдайтын лизингтік мәмілеге қатысушылар;
9) лизингтік төлемдер – қаржы лизингі шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердің жалпы сомасы болып табылатын, қаржы лизингі шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнын өтеуді ескере отырып есептелуге тиіс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер;
10) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін мерзім;
11) сатушы – лизинг беруші қаржы лизингі шартының негізінде лизинг нысанасын сатып алатын лизингтік мәмілеге қатысушы;
12) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Лизингтік төлемдерді төлеу лизингтік төлемдер кестесіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Лизингке өтінімдерді:
1) уәкілетті орган;
2) уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы береді (уәкілетті органмен келісім бойынша).
5. Уәкілетті орган өтінім беру процесін орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады.
6. Лизингке өтінім мыналарды қамтиды:
1) Бірінші басшының қолы қойылған ілеспе хат (еркін нысанда);
2) лизинг нысанасының атауы, оның құны, нақты сипаттамалары, лизинг нысанасын сатып алудың мақсаты мен негіздері көрсетілген түсіндірме жазба;
3) қаржы лизингі шартының көшірмесі.
Барлық өтінімдер ағымдағы және болжамды тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ техниканы пайдалану тиімділігін бағалауға негізделген егжей-тегжейлі негіздемені қамтуға тиіс.
Отандық және (немесе) шетелдік өндірістің арнайы техникасы мен жабдықтарын сатып алған жағдайларда өтінімде осы техниканы өндіруші зауыт көрсетіледі.
Лизинг алушы өтінімде көрсетілген лизинг нысанасының атауларының, оның сипаттамаларының және лизинг қызметінің құнының негізділігін қамтамасыз етеді.
7. Уәкілетті орган лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың нысанасын ведомствоның стратегиялық басымдықтарына, сондай-ақ өзекті қажеттіліктерге сәйкестігі мәнін белгілейді.
2-тарау. Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібі
8. Лизингтің күрделі шығыстарының құны келесі формулаға сәйкес анықталады:
ТЖБлпқ = ТӨтж + (ЛПжыл* Мжыл ) мұнда:
ТЖБлпқ – Тауарлар мен жабдықтардың бағасы және лизингтің пайызы;
ТӨтж – қаржы лизинг шарттарымен сатып алынатын техника мен жабдықтарды тауар өндірушілердің бағасы;
ЛПжыл – қаржы лизингі шартында айқындалған жылдағы лизинг пайызы;
Мжыл – лизингтік төлемдер кестесіне сәйкес лизинг мерзімі.
9. Лизинг нысанасы су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануға және жөндеуге арналған үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы болып табылады.
10. Лизинг келесі шарттармен беріледі:
1) лизинг мерзімі - 5 жылға дейін;
2) лизинг нысанасының ең жоғары құны - 300 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК);
3) жылдық номиналды сыйақы мөлшірмесі резиденттер мен бейрезиденттер үшін 14% - дан аспайды.
11. Лизингтік төлемдер қаржы лизингі шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнын өтеуді ескере отырып есептеледі және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді:
1) лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткізуге және оны жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығыстарды және қаржы лизингі шартына сәйкес мақсаты бойынша пайдалану үшін одан әрі қызмет көрсетуді (лизинг нысанасын сатушының кепілдік қызмет көрсетуі) өтеу;
2) лизинг бойынша сыйақы.