"Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 14 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 788 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға:

      Мемлекеттік кірістер органдары монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз табыс ететін салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия мәліметтердің тізбесінде:

      бөлімінде "2. "Бірыңғай деректер қоймасы" және "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)"":

      "Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер" бөлімінде:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 36-жолмен толықтырылсын:

      "

36.

ЭКЖЖ.

      ";

      ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      сызықтан кейін:

      "МТК - мекенжайның тіркеу коды"

      келесі мазмұны бар жолды қосыңыз:

      "ЭКЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономиканы шоғырландыру және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органның соңғы басшысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______М. Такиев
      Қазақстан Республикасының
Бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі
Төрағасынын міндетті атқарушысы
_________Р. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады