Зайсан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № VIII-21-20 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 8985-16 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/7-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 19.12.2025 № 45/7-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес,Зайсан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Е. Загипаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады