Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 "Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24710 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы | И. Смит |
