Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 132/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 7494-14 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 309/39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.12.2025 № 309/39 шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері, салықтық кезенде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % - дан 2 % - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ж. Жакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады