"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С. Ганиев |
| Әкімдіктің | |
| 2024 жылғы 22 тамыздағы | |
| № 145 қаулысына | |
| қосымша |
Амангелді ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5481 болып тіркелген);
2. Амангелді ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 17 маусымдағы № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9273 болып тіркелген);
3. Амангелді ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 4 наурыздағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9806 болып тіркелген).
