Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 22.08.2024 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысына (2015 жылғы 3 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5481 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданының әкімі | А. Асанов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 143 қаулысына қосымша |
| Әкімдіктің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар |
1 | Ақсай ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
2 | Амангелді ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
3 | Амангелді ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
4 | Амангелді ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
5 | Амантоғай ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
6 | Байғабыл ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
7 | Есір ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
8 | Жалдама ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
9 | Қабырға ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
10 | Қарасу ауылы | ауылдық клуб ғимаратында |
11 | Қарынсалды ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
12 | Құмкешу ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
13 | Степняк ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Степняк жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
14 | Тасты ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Тасты жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
15 | Үрпек ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
16 | Үштоғай ауылы | "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Рассвет жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
