"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 шілдедегі № 354 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржы жылы – бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтер шарты (бұдан әрі – шарт) – веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде қосылу шарты, оның талаптарын тапсырыс беруші стандартты нысандарда айқындайтын және өнім берушілер ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуден өткен тапсырыс беруші, өнім беруші;
5) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды тұлғасы немесе қатысушының өкілі;
6) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік білім беру тапсырына байланысты қызметтерді көрсететін, тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартында оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
8) тапсырыс берушілер – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы.
Осы Қағидаларда пайданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі
3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда жұмыс істеу үшін пайдаланушылар мынадай іс-әрекеттер жиынтығын жасайды:
1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу рәсімдерін өтеді.
4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен жеке және заңды тұлғалар үшін шығарылған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттары шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) жөніндегі қызметті әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу үшін көзделген тарифтерге сәйкес ақылы негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көрсетеді.
6. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасуға және орындауға байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және тиісті пайдаланушының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің уақыты бойынша тіркеледі.
8. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл мұрағаттарының мөлшері 20 мегабайттан асқан кезде оларды жүйеге 20 мегабайттан аспайтын бөліктермен жүктеу қажет.
9. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына арналған шарттар жасасу жоспарын әзірлеу және бекіту және оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
3) тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша шарттың жобасын тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастыруы. Шарт тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 386-бабының 2-тармағына сәйкес шарттың қолданылуын оны жасасқанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылы басталғанға дейін туындаған қатынастарға қолдануға жол беріледі. Шартқа тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қояды және өнім берушіге тиісті қаржы жылына арналған шарттар жасасу жоспарында көзделген мерзімдерде қол қою үшін жібереді;
4) шарт талаптарымен оның келісімін білдіру нысаны болып табылатын өнім берушінің шартқа қол қоюы. Шарт тараптардың келісімі бойынша тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде, оның ішінде студенттердің, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін дайындық бөлімдері тыңдаушыларының, магистранттардың және докторанттардың саны өзгерген кезде енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзуға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 402-бабында көзделген тәртіппен жол беріледі;
5) өнім берушінің қызметтер көрсетуі және тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жіберуі;
6) тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілген қызметтер актісіне оны өнім берушіден алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қол қоюы не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;
7) егер шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлем жасауды жүзеге асыруы;
8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін жүргізілген төлемді растауы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында, сондай-ақ оның жұмысында техникалық іркілістер туындаған, мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу немесе техникалық іркілістер туындаған күнге келетін шарттар жасасу мерзімдері техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мерзімі, сондай-ақ техникалық іркілістер туындауы ескеріле отырып, ауыстырылады.
_____ жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу жоспары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (қазақ тілінде) ____________
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (орыс тілінде) ____________
Тапсырыс берушінің БСН ______________________________________
№ | Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын қызметтердің атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) | Өлшем бірлігі | Жалпы саны, көлемі | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай) | Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде) | Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде) | ӘАОЖ | Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде) | Қызмет көрсету орны (орыс тілінде) | - |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | - |
Ескертпе:
"Тапсырыс берушінің БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі таңбалы код);
"Тапсырыс берушінің атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;
Кесте бойынша:
"№" деген жолақта – сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;
"Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақ "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығында көрсетілген қызметтердің атауына дәл сәйкес толтырылады;
"Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы" деген жолақта – сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
"Өлшем бірлігі" деген жолақта – сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
"Жалпы саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;
"Бірлік үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
"Жалпы сома (сатып алу үшін бекітілген), теңге" деген жолақта – "Жалпы саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "Бірлік үшін баға, теңге" деген жолақ мәніне көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы белгілейді;
"Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – қызметтерді сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;
"Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;
"Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, қызмет көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;
"ӘАОЖ" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
"Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;
"Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі.
| Мемлекеттік сатып алу веб- порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Көрсетілген қызметтер актісі
№_____ | 20___ж. "___"______ |
Құжаттың нөмірі * қол қойылған күні* (тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты белгіленеді)
Осы акт төменде қолдарын қойған Өнім берушінің өкілдері тұлғасында ___________ (Өнім берушінің атауы*) 20 __ жылғы "____" _________ №________ (шарттың атауы) сәйкес орындағаны, ал төменде қолдарын қойған Тапсырыс берушінің өкілдері тұлғасында _______ (Тапсырыс берушінің атауы (*) ______ қабылдағаны туралы жасалды:
Көрсетілген қызмет туралы мәліметтер ** | ||||||
№ | Қызмет көрсету орны | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік бағасы (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС-сыз | Сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | ||||||
... | ||||||
Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны** _______________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС / ҚҚС-сыз (санмен, жазумен)
Өнім берушінің атауы * | ЖСН / БСН * | ЖСК / БСК * | Банк * | Заңды мекен-жайы * | Өнім берушінің өкілдері ** | Бекітемін ** | |||||
Т.А.Ә. лауазымы | Қолы | Т.А.Ә. лауазымы | Қолы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||
Шарт бойынша ақпарат | |||||||||||
Жалпы мәліметтер | |||||||||||
1 | Шарттың жалпы сомасы * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарт қолданылғаннан бастап жүргізілген төлем сомасы *** | Бұрын актіленген сомалар *** | Қызмет көрсету мерзімін кешіктіргені немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы *** | Мерзімі өткен күндер саны *** | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама / Кіші бағдарлама / Ерекшелік *** | ||||||||||
3 | Осы акт бойынша нақты көрсетілген қызметтер | ||||||||||
Қызметтің атауы * | Қызмет көрсету күні / кезеңі * | Өлшем бірлігі * | Саны * | бірлік үшін бағасы, теңге * | сомасы, теңге * | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||
1 | |||||||||||
4 | Өнім берушіге аударуға талап етілетін сома *** | ||||||||||
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса өнім беруші/тапсырыс беруші бекітеді)
Өнім берушінің атауы * | ЖСН / БСН * | ЖСК / БСК * | Банк * | Заңды мекенжайы *** | Тапсырыс берушінің өкілдері *** | Бекітемін (ұйым басшысы)* | ||||
Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар | Ресімдеудің дұрыстығына жауаптылар (деректемелер, ерекшелік) | |||||||||
Т.А.Ә. лауазымы | Қолы | Т.А.Ә. лауазымы | Қолы | Т.А.Ә. лауазымы | Қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
* мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;
** өнім беруші толтырады;
*** тапсырыс беруші толтырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).
| Мемлекеттік сатып алу веб- порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.