"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың Қазақстан Республикасы жұмыс күшіне үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарды "Отбасы банк" акционерлік қоғамымен берген 2% және 5% жеңілдікті қарыздар есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 5 ақпандағы № 46 бұйрығына 1-қосымша |
"Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың Қазақстан Республикасы жұмыс күшіне үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Нысанының атауы: Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылардың саны.
Индекс: ТҚЖАҚ-1.
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы __ айы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Отбасы банк" акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей.
Реттік № | Деректер атауы | Саны, адам | Жұмыс күшіне үлесі, % |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылар |
Атауы ___________________ |
Мекенжайы__________________ |
Телефон ________________________________ | |
Электрондық поштаның мекенжайы ________________ | |
Орындаушы ____________________________ |
______________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға | |
_____________________________________ |
______________________ |
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) | |
_________________________
| Нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс - ТҚЖАҚ-1, кезеңділігі - тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылардың саны" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды "Отбасы банк" акционерлік қоғамының тиісті құрылымдық бөлімшесі толтырады және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынады.
3. Нысанға құрылымдық бөлімшенің жетекшілік ететін басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып (құрылымдық бөлімше басшысының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі келесі айдың 25-күнінен кешіктірілмей беріледі.
5. Нысан мемлекеттік тілде және орыс тілінде толтырылады.
6. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда деректердің атауы көрсетіледі;
3-бағанда тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылардың саны көрсетіледі;
4-бағанда тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылардың жұмыс күшіне үйлесі көрсетіледі.
Аббревиатураның транскрипциясы:
ТҚЖАҚ-1 - Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылар
| Бұйрыққа 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарды "Отбасы банк" акционерлік қоғамымен берген 2% және 5% жеңілдікті қарыздар есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Нысанының атауы: Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар "Отбасы банк" акционерлік қоғамымен берген 2% және 5% жеңілдікті қарыздар есебінен сатып алынған тұрғын үйлердің көлемі.
Индекс: САТҮК-1.
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы __ айы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Отбасы банк" акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі келесі айдың 15-күнінен кешіктірмей.
Реттік № | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды | Аймақтың атауы | Сатып алынған тұрғын үйлердің көлемі | |||||
"2-10-20" | "5-10-20" | |||||||
берілген қарыздар саны | сомасы, млрд. теңге | көлемі, шаршы. метр | берілген қарыздар саны | сомасы, млрд. теңге | көлемі, шаршы. метр | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
БАРЛЫҒЫ | ||||||||
Атауы ___________________ |
Мекенжайы_____________________ |
Телефон ____________________________________ | |
Электрондық поштаның мекенжайы __________________ | |
Орындаушы ___________________________ |
______________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға | |
_______________________________________________ |
______________________ |
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) | |
_________________________
| Нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс - САТҮК-1, кезеңділігі - ай сайын)
1. Осы түсіндірме "Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар "Отбасы банк" акционерлік қоғамымен берген 2% және 5% жеңілдікті қарыздар есебінен сатып алынған тұрғын үйлердің көлемі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды "Отбасы банк" акционерлік қоғамының тиісті құрылымдық бөлімшесі толтырады және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынады.
3. Нысанға құрылымдық бөлімшенің жетекшілік ететін басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып (құрылымдық бөлімше басшысының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі келесі айдың 15-күнінен кешіктірілмей беріледі.
5. Нысан мемлекеттік тілде және орыс тілінде толтырылады.
6. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды (ӘАОЖ коды) көрсетіледі;
3-бағанда облыстың атауы көрсетіледі;
4-бағанда есепті күнге 2%-бен берілген кредиттер саны көрсетіледі;
5-бағанда 2%-бен кредиттер бойынша бөлінген сома көрсетіледі;
6-бағанда есепті күнге 2% деңгейінде сатып алынған тұрғын үй ауданы көрсетіледі;
7-бағанда есепті күнге 5%-бен берілген кредиттер саны көрсетіледі;
8-бағанда 5%-бен кредиттер бойынша бөлінген сома көрсетіледі;
9-бағанда есепті күнге 5% деңгейінде сатып алынған тұрғын үй ауданы көрсетіледі.
Аббревиатураның транскрипциясы:
САТҮК-1 - Сатып алынған тұрғын үйлердің көлемі
