"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Дамбы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі Дамбы ауылындағы көшелеріне атаулар берілсін:
№ 3 көшеге - "Есқали Әбішев" көшесі;
№ 4-а көшеге - "Әмір Орынбасаров" көшесі;
№ 7 көшеге - "Өтеғали Теміров" көшесі;
№ 8 көшеге - "Карим Қапаров" көшесі;
№ 9 көшеге - "Бабаш Құспанов" көшесі;
№ 10 көшеге- "Шарапиден Шаңбаев" көшесі;
№ 11 көшеге - "Бапылтай Қазанбекова" көшесі;
№ 12 көшеге - "Роза Байзуллина" көшесі;
№ 13 көшеге - "Қабидолла Мүрсәлімов" көшесі.
2. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі Амангелді ауылындағы көшесіне атау берілсін:
№ 1- көшеге "Сейдіқұл Бекешов" көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Дамбы ауылдық округі әкімі | У. Байзуллин |
