"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаракеткен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қаракеткен ауылдық округі Қаракеткен ауылының келесі көшелері:
Карл Маркс көшесін Әуелбек Қоңыратбаев көшесіне;
Дружба көшесін Қарақұм көшесіне;
ЛСП көшесін Қараөзек көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қаракеткен ауылдық округінің әкімі | А. Тоқтаров |
