Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 56 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6461-09 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 331 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 19.12.2025 № 331 шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады