Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қортындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшелері:
Заводская көшесін Калымжан Асқабылов көшесіне;
Солнечная көшесін Айтбала Байркенова көшесіне қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қасым Қайсенов кентінің әкімі | А. Рамазанов |
