Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2562 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгерілмейді;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Өскемен-1-Риддер", "Өскемен-1-Алтай" маршруттары бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесі бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | Д. Рыпаков |
