Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 35-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 28 қарашада № 30745 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 53-209 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 26.12.2025 № 53-209 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi - осы шешімінің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының хатшысы А. Досымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады