Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақрап ауылдық округінің Ақрап ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақрап ауылдық округі Ақрап ауылының келесі көшелері:
Ынтымақ көшесін Жайық көшесіне;
Ш. Уәлиханов көшесін Ұлытау көшесіне;
М. Өтемісұлы көшесін Медеу көшесіне;
А. Құнанбаев көшесін Хан тәңірі көшесіне;
Тәуелсіздік көшесін Хан ордасы көшесіне;
Сергей Королев көшесін Құрманғазы көшесіне қайта аталсын.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақырап ауылдық округнің әкімі | Б. Мусаев |
