Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.07.2025 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы _____________ С. Жұманғарин 2021 жылғы "____" ___________ |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.07.2025 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2025 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Қызмет түрінің атауы |
"Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
1. | Білім мазмұнын бағалау, оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және сапасын бағалау технологияларын әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. |
2. | Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу. |
3. | "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, олардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. |
4. | Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру. |
5. | Сарапшылар базасына енгізу мақсатында ғалымдар мен педагогтер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу. |
6. | Сараптама жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, ережелерді дайындау және бекіту. |
7. | Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған вариативтік курстардың оқу бағдарламаларын, тәрбие және мектептен тыс жұмыс бағдарламаларын сараптамалық талдауды ұйымдастыру. |
8. | Пилоттық мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу. |
"Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
9. | "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді басқару (оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде оны цифрландыру, басшылар мен педагогтерді тағайындауды келісу, педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту, білім беру қызметін зерделеу және талдау). |