"Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 шiлдедегi № 166 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26752 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 25 шілдедегі
№ 166 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 4 ақпандағы
№ 38 бұйрығына қосымша

Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі

№ р/с

Қызмет түрінің атауы

"Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1.

Білім мазмұнын бағалау, оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және сапасын бағалау технологияларын әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

2.

Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

3.

"Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, олардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

4.

Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру.

5.

Сарапшылар базасына енгізу мақсатында ғалымдар мен педагогтер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу.

6.

Сараптама жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, ережелерді дайындау және бекіту.

7.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптамалық талдауды ұйымдастыру.

8.

Пилоттық мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

"Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

9.

"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді басқару (оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде оны цифрландыру, басшылар мен педагогтерді тағайындауды келісу, педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту, білім беру қызметін зерделеу және талдау).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады