Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 278 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26296 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.05.2025 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Балгарин

  Сарыкөл ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 278 қаулысына
  қосымша

Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 21.05.2025 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орналасу орны

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Сарыкөл кенті, Мендеке Батыр көшесі, № 31 үйдің сол жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Престиж" дүкені

2

Маяк ауылы, 1 май көшесі, "Сарыкөл ауданы Маяк ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің оң жағында

350

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Аружан" дүкені

3

Златоуст ауылы, Целинная көшесі, "Олжа Арыстан ӨК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сол жағында

350

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Кузьминых" жеке кәсіпкердің дүкені

4

Комсомол ауылдық округі, Комсомол ауылы, Мир көшесі, № 21 үйдің сол жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Бродюк" жеке кәсіпкердің дүкені

5

Веселоподол ауылдық округі, Веселый Подол ауылы, Ленин көшесі, № 7 үйдің оң жағында

300

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

6

Большие Дубравы ауылы, Целинная көшесі, № 1 үйдің сол жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Махина" жеке кәсіпкердің дүкені

7

Тимирязев ауылы, Мир көшесі, "Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сол жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Тамаша" дүкені

8

Тағыл ауылдық округі, Тағыл ауылы, 50 лет СССР көшесі, "Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сол жағында

100

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

9

Сорочин ауылдық округі, Сорочинка ауылы, Центральная көшесі, № 1 үйдің оң жағында

200

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Попов" жеке кәсіпкердің дүкені

10

Сорочин ауылдық округі, Крыловка ауылы, Центральная көшесі, № 52А үйдің оң жағында

200

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Алишер" дүкені

11

Севастополь ауылдық округі, Севастополь ауылы, Ленин көшесі, № 30 үйдің оң жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Исакова" жеке кәсіпкердің дүкені

12

Урожайное ауылы, Херсонская көшесі, № 11 үйдің оң жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Фариза" дүкені

13

Барвинов ауылы, Комсомольская көшесі, "Аманжол АкРо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оң жағында

50

5 жыл

Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар

"Аманжол АкРо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады