"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" 2018 жылғы 13 шілдедегі № 122 қаулысына (2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Б. Нургалиев |
| Әкімдіктің | |
| 2021 жылғы 20 қаңтардағы | |
| № 20 қаулысына | |
| қосымша | |
| Әкімдіктің | |
| 2018 жылғы 13 шілдедегі | |
| № 122 қаулысына | |
| қосымша |
Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi
№ р/с | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы |
1 | KP-DS-1 | "Денисовка-Заәйет" |
2 | KP-DS-2 | "Денисовка-Некрасовка" |
3 | KP-DS-3 | "Денисовка-Денисовка станциясы" |
4 | KP-DS-4 | "Заәйет-Жалтыркөл" |
5 | KP-DS-5 | "Заәйет-Әйет" |
6 | KP-DS-6 | "Денисовка-Гришенка" |
7 | KP-DS-7 | "Заәйет-Свердловка" |
8 | KP-DS-8 | "Заәйет-Фрунзенское" |
9 | KP-DS-9 | "Денисовка-Алшан" |
10 | KP-DS-10 | "Свердловка-Подгорное" |
11 | KP-DS-11 | "Приреченка-Аршалы" |
12 | KP-DS-12 | "Аршалы-Набережное" |
13 | KP-DS-13 | "Қырым-Озерное" |
14 | KP-DS-14 | "Перелески-Қырым" |
15 | KP-DS-15 | "Денисовка-Покровка" |
