"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi бекітілсін.
2. "Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын Денисов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов ауданының әкімі | Б. Нұрғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекеменің басшысы
_____________________ Б. Есенғұлов
"13" шілде 2018 жыл
Әкімдіктің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 122 қаулысына
қосымша
Денисов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 11.04.2025 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Автомобиль жолдарының индекстері | Автомобиль жолдарының атаулары |
1 | KP-DS-1 | "Денисовка-Заәйет" |
2 | KP-DS-2 | "Денисовка-Некрасов" |
3 | KP-DS-3 | "Денисовка-станция Денисовка" |
4 | KP-DS-4 | "Заәйет-Жалтыркөл" |
5 | KP-DS-5 | "Заәйет-Әйет" |
6 | KP-DS-6 | "Денисовка-Гришенка" |
7 | KP-DS-7 | "Заәйет-Свердлов" |
8 | KP-DS-8 | "Заәйет-Фрунзе" |
9 | KP-DS-9 | "Денисовка-Алшан" |
10 | KP-DS-10 | "Свердлов-Подгорное" |
11 | KP-DS-11 | "Приреченка-Аршалы" |
12 | KP-DS-12 | "Аршалы-Набережное" |
13 | KP-DS-14 | "Перелески-Қырым" |
14 | KP-DS-15 | "Денисовка-Покров" |
