Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 587-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3923 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.";
Маңғыстау облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерінде:
"Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша" бөлімде:
1-жол орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Е. Абилов |
| Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
