"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбековке жүктелсін.
| Аудан әкімі | Ж. Бейсенбаев |
| Жетісай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "7" ақпандағы № 81 қаулысына қосымша |
Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Орналасатын орны |
1 | Жетісай қаласы | С.Қожанов көшесі, "Sinooil" жанар-жағар май құю бекеті мен "Табиғат" салтанат сарайы арасы |
2 | Жетісай қаласы | Ескендіров және Нарбаев көшелерінің қиылысы |
3 | Жетісай қаласы | Амангелді көшесі, "Дарын" мектеп-интернатының алды |
4 | Асықата кенті | Абылқасымов көшесінің бойында, "№ 15" колледжінің алды |
5 | Қызылқұм ауылдық округі, Түркебай ауылы | Абай және Базар көшелерінің қиылысы |
6 | Жылы су ауылдық округі, Жылы су елді мекені | Ақжол көшесі бойында |
