Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 238/71 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 6758 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2026 № 187/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе - жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2026 № 187/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылғын айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.06.2026 № 187/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының ауданның бюджет және әлеуметтік - экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шарбақты аудандық мәслихатының сессия төрағасы Д. Калыбаев
      Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады