Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 аурыздағы "Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 238/71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 187/63 шешімі

      Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 238/71 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140419 болып тіркелген) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы "мәдениет," деген сөзден кейін "архив ісі," сөздермен толықтырылсын;

      аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы "мәдениет," деген сөзден кейін "архив ісі," сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Смаилханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады