ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы және 26 қарашадағы қорытындылары негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Ертіс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково ауылының мына құрамдас бөліктері:
Советская көшесі Мерей көшесі болып;
Киров көшесі Атамекен көшесі болып;
Ленин көшесі Отан көшесі болып;
Октябрьская көшесі Утренняя көшесі болып қайта аталсын.
2. Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылының мына құрамдас бөліктері:
Ленин көшесі Қазақстан көшесі болып;
Советская көшесі Жаңа жол көшесі болып;
Киров көшесі Болашақ көшесі болып қайта аталсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ертіс ауылдық округінің әкімі | Е. Жумагулов |
