"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын;
6) осы бұйрықтың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көздейтін тетіктерді іске асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Үлгілік қағидалардың негізінде және Заңның 7-бабының 2-тармағы 17-10) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын (бұдан әрі - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту– азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру– сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану– тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
4-1) арзандатылған баға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әр адамға белгіленген шекті сауда үстемесі шегінде ай сайын белгіленетін жеңілдікпен сатып алатын баға;
5) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.08.2023 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
5-2) "әлеуметтік әмиян" – жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлауға (хабархат), есепке алуға және алуға (көрсетуге) арналған ақпараттандыру объектісі;
5-3) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
5-4) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
5-5) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
6) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.08.2023 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7) сатып алу интервенциялары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
7-1) тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – Ұлттық тауарлар каталогын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;
8) тауар интервенциялары– бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
8-1) тіркелген баға - өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
8-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
8-3) цифрлық азық-түлік ваучері – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жеңілдік түрінде берілетін мақсатты қолма-қол ақшасыз қолдау;
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109; өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2023 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
6. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
7. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымдардың ұсыныстарын қарау.
9. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109 бұйрығымен.10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109 бұйрығымен.10-2. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағалары арасындағы айырма есебінен жабылады.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109; жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.08.2023 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы қолма-қол осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.07.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың мынадай тетіктерін іске асырады:
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыз беру.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2024 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, астана халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
Ескерту. Қағида 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2024 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-4. Мамандандырылған ұйым ауылшартауарөндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:
ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-5. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 13-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу мамандандырылған ұйым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: қаңтар, ақпан, наурыз; көктемгі-жазғы кезең: сәуір, мамыр, маусым) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-7. Мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 13-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Ескерту. Қағида 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мамандырылған ұйыммен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, жергілікті атқарушы орган мен мамандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа мынадай ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін, көрсете отырып, форвардтық сатып алуды жүргізу тәртібі, оның басталғаны және нәтижелері туралы;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен өткізетін сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, оны берудің басталғаны және нәтижелері туралы;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын "әлеуметтік әмиян" арқылы цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізетін және кәсіпкерлік субъектілерінің сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, сондай-ақ оны іске асырудың басталғаны және нәтижелері туралы.
Ескерту. Қағидалар 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-10. Мамандырылған ұйым бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алатын көкөніс өнімдерінің (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көлемі Комиссияның шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқының (қалалық немесе жалпы) үш айлық қажеттілігінің кемінде 30 пайыз мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. Қағидалар 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Осы Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағиадаларымен айқындалады.
1-параграф. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
16-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады.
Ескерту. 2-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесінен қалыптастырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.08.2023 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109 бұйрығымен.19. Комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
20. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден), сондай-ақ мамандандырылған ұйымнан сатып алу жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2025 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21-1. Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 2-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2024 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын аймақтық тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді.
Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (қайта өңдеу кәсіпорны, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізуші (дистрибьютор)) салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқтығы бойынша жиынтық талаптарға сәйкес келсе, онда қаржылық тұрақты болып саналады.
Ескерту. 2-тарау 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2024 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2022 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.
23-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Ескерту. Қағида 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
25. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.04.2020 № 109 бұйрығымен.26. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде бейнебақылау жүйелерін қолдана отырып, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
28. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
29. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімі бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
30. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халықтың назарына жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
31. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу, олардың қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім, өткен күнтізбелік жылдағы қалыптасқан бағалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны туралы мәліметтер және өзге де деректер негізінде айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді. Қарызды беру қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарында қарыз шарты жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауылшартауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
Ескерту. 2-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.07.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.32. Бағаны тұрақтандыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
1) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеуі;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізу.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32-1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға монетарлық емес мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда объектілеріне) тиісті өңірдегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын ескере отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыздар береді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны мен мәртебелері туралы деректерді өзектендіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға электрондық үкімет порталының eGov Mobile қосымшасы арқылы SMS-хабарлама түрінде хабарландыру жіберіледі, онда цифрлық азық-түлік ваучерін алуға келісімін не бас тартуын растау сұралады.
Келісім расталған жағдайда цифрлық азық-түлік ваучері "әлеуметтік әмиян" арқылы есепке алынады және тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сатып алу үшін пайдаланылады.
Цифрлық азық-түлік ваучерлері ай сайын, есептік айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасының әрбір мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ақы төлеу сауда объектісінің кассалық жабдығында QR-кодты оқу (сканерлеу) арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бүкіл тізбесін іске асыру цифрлық азық-түлік ваучері есебінен берілетін жеңілдік ескеріле отырып, арзандатылған бағамен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын таңбалау оларды сәйкестендіруге арналған арнайы жапсырмалармен (стикерлермен) жүзеге асырылады.
Кассалық жабдықты "әлеуметтік әмиянмен" интеграциялау жүзеге асырылады.
Тауарларды арзандатылған бағамен өткізу туралы есеп мынадай тәртіппен ұсынылады:
1) мамандырылған ұйымдар жиынтық есептерді электрондық нысанда жергілікті атқарушы органдарға жолдайды;
2) жергілікті атқарушы органдар жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
Ескерту. Қағидалар 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.12.2025 № 464 (31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) осы Үлгілік қағидалардың 35-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.07.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуы кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етіледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
36-1. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады.
Ескерту. Қағидалар 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.07.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
39. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
| Әлеуметтік маңызы бар | |
| азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру | |
| тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына қосымша | |
| Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат
Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.07.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2025 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӘМАТ нысаны
Кезеңділік: апта сайын
Есепті кезең: 20___жылғы_________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері
|
Жинау әдіс: электрондық түрде
Тауардың атауы | Сатылып алынған тауарлар | ||||||||||||
тікелей | форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде | берілген қарыздар бойынша | |||||||||||
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар) | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар) | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері | ||||||||
ттонна | мың теңге | ттонна | мың теңге | ттонна | мың теңге | ттонна | мың теңге | ттонна | мың теңге | ттонна | мың теңге | ||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||||
Сиыр еті | |||||||||||||
Қарақұмық жармасы | |||||||||||||
Орамжапырақ | |||||||||||||
Картоп | |||||||||||||
Айран | |||||||||||||
Басты пияз | |||||||||||||
Түтік кеспе | |||||||||||||
Күнбағыс майы | |||||||||||||
Сары май | |||||||||||||
Сүт | |||||||||||||
Асханалық сәбіз | |||||||||||||
Бидай ұны | |||||||||||||
Тауық еті | |||||||||||||
Күріш | |||||||||||||
Құмшекер | |||||||||||||
Тұз | |||||||||||||
Ірімшік | |||||||||||||
Нан | |||||||||||||
Тауық жұмыртқасы, мың дана | |||||||||||||
кестенің жалғасы
Өткізілген | Қалдық | |||||||||
форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде | берілген қарыздар бойынша | |||||||||
мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | өткізу орны | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | |
10 | 11 | 12 | 13 | |||||||
Атауы: ____________________________________
Мекенжайы ____________________________________________
Телефоны __________________________________________
Электрондық почтасы_ __________________________
Орындаушы ______________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
______________________________________ __________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20___ жылғы "____" _________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру етіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысанды:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
17. Нысанның 12-бағанында өткізілген көлем, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.
