"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4 тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қортындысына сәйкес Кейден ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кейден ауылдық округінің, Кейден ауылындағы "Жалаңаш" тұйық көшесі "Нуриддин Кенжебаев" есімімен қайта аталсын.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кейден ауылдық округінің әкімі | Б. Тоқтыбаев |
