Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 бабына және 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2017 жылғы 6 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Киікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданы Киікті ауылындағы:
"Школьная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
"Западная" көшесі "Ағыбай батыр" көшесі;
"Клубная" көшесі "Қазыбек би" көшесі;
"Горная" көшесі "Желтоқсан" көшесі;
"Речная" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;
"Вокзальная, Привокзальная" көшелері "Әбікен Хасенов" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Киікті ауылдық округінің әкімі | К. Рахметов |
