Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Щербаковское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Щербаковское ауылының көшелері:
1) Целинная көшесі Нұрлы жол көшесіне;
2) Строительная көшесі Астана көшесіне;
3) Мира көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
4) Степная көшесі Алтын Орда көшесіне;
5) Ставропольская көшесі Мәңгілік ел көшесіне;
6) Речная көшесі Ынтымақ көшесіне;
7) Озерная көшесі Болашақ көшесіне;
8) Новостройка көшесі Достық көшесіне;
9) Ново-Московская көшесі Сарыарқа көшесіне;
10) Набережная көшесі Қазақстан көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы |
Н. Оралбаев |
