1. Шалқар қаласының кейбір атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес, № 1 атаусыз көшесіне - Жұмағали Қабақбаевтың есімі;
қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес, № 2 атаусыз көшесіне - Әдіман Жанамановтың есімі;
қоса беріліп отырған № 3 схемалық картаға сәйкес, № 3 атаусыз көшесіне- ағайынды Қалжановтар есімі;
қоса беріліп отырған № 4 схемалық картаға сәйкес, № 4 атаусыз көшесіне- Қайып Сәлпеновтың есімі.
2. Шалқар қаласының төмендегідей көшелері қайта аталсын:
"Құрылысшылар" көшесі - Хамит Есбосыновтың есімімен;
Пушкин көшесі - Есім Жаңбыршинның есімімен.
3. Осы Шалқар аудандық әкімдігінің және Шалқар аудандық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Б. Қаниев |
|
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы, Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |






