Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 347 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.12.2022 № 114 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде сақталуын тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттік архивтердің толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективтік өлшемшарттардың тізбесі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағат ісі және құжаттама департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді екі жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
______________ Б. Мусин
2017 жылғы "___" ________
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 09 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 347 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.12.2022 № 114 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызуға және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау (бұдан әрі – профилактикалық бақылау) жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) болмашы бұзушылық – құжаттарды ресімдеу және олардың орындалуын бақылау бөлігінде, құжаттарды сақтауға тапсыру мерзімдерін сақтау, сақтауға тапсыру үшін істерді ресімдеу, архивтік құжаттарды пайдалану тәртібінің талаптарын бұзу;
3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
4) елеулі бұзушылық – талаптарды бұзу, атап айтқанда:
құжат айналымын ұйымдастыру бойынша; мөрлерді, мөртабандарды, бланкілерді есепке алу, сақтау бойынша; Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – ҰАҚ) құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану бойынша;
5) өрескел бұзушылық - талаптардың бұзылуы мыналарға:
ҰАҚ құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды заңсыз жою (жоғалту), зақымдау, қолдан жасауға;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты белгіленген тәртіппен жинақталған архивтік құжаттарды беруден бас тарту, не жеке және заңды тұлғаларға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беруге әкелген немесе әкелуі мүмкін бұзушылықтар;
6) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға әсер ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы Профилактикалық бақылаудың еселігін бақылау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиі емес айқындайды.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негіз болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
5-1. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
7. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;
3) тәуекел төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.
Тәуекелдің жоғары, орташа және төмен дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
8. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін ағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
3-тарау. Объективті өлшемшарттар
9. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу бақылау субъектілерінің ҰАҚ құжаттарының жойылуына (жоғалуына), бүлінуіне, қолдан жасалуына әкелуі мүмкін ҰАҚ және басқа да архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.
10. Объективті өлшемшарттарға мыналар:
жоғары тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын ұйымдық-құқықтық нысанына қарай заңды тұлғалар, ұйымдар;
2) қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздері;
орташа тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты заңды тұлғалары;
төмен тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде ҰАҚ құжаттары қалыптастырылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.11. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.
4-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
12. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылау шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
13. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан жүргізуден босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.
Жеңілдететін индикаторларға:
1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;
2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен басқа да бекіту құрылғыларының болуы (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) жатады.
15. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан жүргізуден босату мүмкін болады.
16. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
5-тарау. Субъективті өлшемшарттар
17. Субъективті өлшемшарттар: өрескел, елеулі, болмашы болып үш дәрежеге бөлініп, тексеру парақтарында келтірілген ҰАҚ және архивтер туралы заңнаманың сақталуы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының (бұдан әрі – талаптар) негізінде жасалған және осы Өлшемшарттардың қосымшасында келтірілген.
Өрескел дәрежеге ҰАҚ құжаттарының жойылу немесе бүліну қаупі жатады, ал ҰАҚ құжаттарының жойылуына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 509-бабы қолданылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18. Субъективті өлшемшарттарды айқындауда келесідей сатыларда:
1) деректер базасын қалыптастыру және талаптардың бұзылуы туралы ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
19. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз) бірлескен бұйрығымен.22. Субъективті өлшемшарттар маңыздылығы мен қоғамға қауіптілігіне байланысты, Өлшемшарттармен қарастырылған бұзушылықтар ауырлығының 3 дәрежесіне қарай: өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
21. Бақылау субъектін (объектін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
22. Айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Ескерту. 5-тарау 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.23. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
![]()
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rпром –есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші (Rпром = SP + SC, мұндағы SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші; SC – айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші).
Ескерту. 5-тарау 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.| Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел бұзу дәрежелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ р/с | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Жекелеген бланкілерде (жекелеген парақтарда) басылған қазақ тіліндегі құжаттың және орыс немесе өзге тілде жасалатын теңтүпнұсқалық құжаттың бірыңғай деректемелерімен ресімдеу | елеулі |
2. |
Құжаттарды ұйымның атауы көрсетілген мөртабанды пайдалана отырып, оның бедерін сол жақ жоғарғы бұрышына қою не міндетті түрде мынадай деректемелерді ресімдеу арқылы жасау: | болмашы |
3. |
Сәйкестік: | болмашы |
4. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының, эмблеманың, логотиптің немесе тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) бейнесін бланкіге орналастыру | болмашы |
5. | Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Құжаттау қағидалары) нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлерді, мөртабандарды және арнайы штемпельдік бояуларды есепке алу мен беру журналының болуы | елеулі |
6. | Қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын сақтау үшін мөр басылатын сейфтің немесе металл шкафтың болуы | болмашы |
7. | Қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алу және беру журналдарында ұйым басшысының бұйрығымен (өкімімен) құрылған комиссия берген қорғауға жататын баспа-бланк өнімдері даналарының, мөрлердің, мөртабандардың және құжаттарды қорғау құралдарының бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы белгінің болуы | болмашы |
8. | Әр түріне басталған, қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін есепке алу және оларды беру журналының болуы | елеулі |
9. |
1) қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерінің бүлінген даналарын жою кезінде қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерінің бүлінген даналарын; | елеулі |
10. | Құқықтық актілерде, шығармашылық құжаттамада, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарда, қаржы құжаттарында, бір мәселе жөніндегі істерде, сондай-ақ күнін қою олар үшін маңызды болатын құжаттарда (баяндамалар, үнхаттар, стенограммалар, хаттар) сөздік-цифрлық тәсілмен жазылған күнінің болуы | елеулі |
11. | Құжаттарда бекіту және келісу белгілерінің болуы | елеулі |
12. |
Бұйрықтың деректемелерінің сәйкес келуі, оның ішінде: | елеулі |
13. | Қағаз құжаттарда лауазымды адамның құжаттағы қолтаңбасының түпнұсқалығын куәландыратын ұйым мөрі бедерінің болуы | елеулі |
14. |
1) негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтардың тиісті журналдарда (деректер базасында) жекелеген тіркелуінің; | елеулі |
15. |
1. Іс жүргізу жылының шегінде хаттамалардың әр тобы – жиналыстар, алқа отырыстарының хаттамалары, техникалық, ғылыми және сараптамалық кеңестердің хаттамалары бойынша берген жеке-жеке реттік нөмірлердің болуы. | елеулі |
16. | Іс жүргізу жылындағы хат алмасуды хронологиялық дәйектілікпен топтастыру мен жүйелеу және жауап құжатты сұрау салу құжатынан кейін салу | болмашы |
17. | Жеке істердегі құжаттардың олардың келіп түсуіне сәйкес хронологиялық тәртіппен орналасуы | болмашы |
18. |
Қалыптастырылуының сәйкес келуі: | болмашы |
19. | Еңбек шарттарының жеке істердің құрамында немесе жұмыскерлер тектерінің әліпбилік ретпен жеке қалыптастырылуының сәйкес келуі | болмашы |
20. | Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналдарының болуы | елеулі |
21. |
Істерді қалыптастыру кезінде мынадай: | елеулі |
22. | Ұйымның сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысы бекіткен және мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясымен келісілген істер номенклатурасының болуы | елеулі |
23. |
Сақтау мерзімі тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) және жеке құрам бойынша істердің мұқабаларында мынадай деректемелердің болуы: | елеулі |
24. |
Іс парақтарының: | болмашы |
25. |
Барлық құжаттардың мәтіні еркін оқылатындай мүмкіндікті ескере отырып, картоннан жасалған немесе түптелген қатты мұқабаны кемінде төрт жерден тесіліп іске тігілген құжаттардың болуы. | болмашы |
26. | Іс жүргізуде аяқталғаннан кейін ұйымның архивіне тапсырғанға дейін олардың қалыптастырылған орны бойынша құжаттарды істерде бір жыл ішінде сақтау | болмашы |
27. | Құжаттар архив қоймасынан берілген кезде сақтау бірліктерін алмастыру картасының болуы | болмашы |
28. | Тізімдеменің екі данасында да оған енгізілген әр іске қарама-қарсы істің бар екендігі туралы белгінің болуы | елеулі |
29. | Тізімдеменің әрбір данасының соңында санмен және жазбаша іс жүзінде қабылданған істердің санының, істерді қабылдау-тапсыру күнінің, сондай-ақ архивке жауапты қызметкер мен істерді тапсырған адамның қолдарының болуы | елеулі |
30. | Құжаттарды (істерді) архивке тапсыру кезінде құжаттарды сақтауға қабылдау-тапсыру актілерінің болуы | елеулі |
31. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған дәстүрлі және электрондық жеткізгіштегі құжаттарды ведомстволық сақтаудың шекті мерзімдерін сақтау, оның ішінде: | елеулі |
32. | Ұйымда құжаттарды сақтауға арналған архив қоймасынан, зерттеушілердің жұмыс істеуіне арналған бөлмеден (оқу залынан), архив жұмыскерлерінің жұмыс бөлмелерінен, серверлік және коммуникациялық жабдықтарға арналған бөлмелерден тұратын архивке арналған үй-жайдың болуы | елеулі |
33. | Ведомстволық және жеке архивтердің архив қоймасында металмен қапталған және берік ысырмалары бар есіктердің болуы | елеулі |
34. | Архив қоймасында стационарлық немесе жылжымалы металл немесе ағаш стеллаждардың болуы | елеулі |
35. |
1) тиісті көлемдегі байламаларға, катушкаларға немесе кассетаға оралған, полиэтилен үлдірлі пакетке және зауыттық қораптарға салып немесе заттаңбаларға арналған ойықтарымен полиэтилен футлярға (контейнерге) салынған магниттік таспадағы құжаттардың; | елеулі |
36. |
Сақтау құралдарын (стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждар, металл шкафтар, сейфтер) орналастыру талаптарының сәйкес келуі: | елеулі |
37. | Архив қоймаларында температура параметрлері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының (термометрлер, психрометрлер, гигрометрлер) болуы және олардың көрсеткіштерін температура параметрлері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу журналында тіркеу | елеулі |
38. |
Архив қоймаларында мынадай температуралық-ылғалдылық режимін сақтау: | елеулі |
39. | Ведомстволық және жеке архивтердің архив қоймасында құжаттарды (істерді) архив қоймасынан беру кітабының болуы | елеулі |
40. | Архивтік құжаттарды уақытша пайдалануға беру кезінде архивтік құжаттарды өзге ұйымдарға уақытша пайдалануға беру туралы актінің болуы | елеулі |
41. | Ұйым архиві паспорттарының болуы | елеулі |
42. | Ұйым архивінде құрылымдық бөлімшелерден құжаттардың құндылығына сараптау нәтижелері бойынша жасалған істер, құжаттар тізімдемелері бойынша ұйым архивіне тапсырылған істердің болуы | елеулі |
43. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысымен және республикалық мемлекеттік архивтің, немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген тұрақты сақталатын істер, құжаттар тізімдемесінің болуы | елеулі |
44. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясының (сараптау комиссиясының) және республикалық мемлекеттік архивтің, немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясының келісуімен ұйым басшысымен бекітілген жеке құрам бойынша істер тізімдемесінің болуы | елеулі |
45. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (Сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысымен бекітілген уақытша (10 жылдан астам) сақталатын құжаттардың, істердің тізімдемесінің болуы | елеулі |
46. | Істердің тізімдемесіндегі қорытынды жазбаның сақтау бірліктерінің іс жүзінде болуына сәйкестігі | елеулі |
47. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (Сараптау комиссиясымен) және республикалық мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның Сараптау-тексеру комиссиясымен келісілгеннен кейін ұйым басшысымен бекітілген сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актінің болуы | елеулі |
48. | Архивтік құжаттардың бар-жоғы және жай-күйін тексеру барысында болмаған барлық табылмаған архивтік құжаттарды есепке алу карточкаларының болуы | елеулі |
49. | Ведомстволық және жеке архивте ғылыми-техникалық құжаттаманы (ғылыми-техникалық құжаттама болған жағдайда) тіркеу карточкасының болуы | елеулі |
50. | Ведомстволық және жеке архивте ғылыми-техникалық құжаттаманың (ғылыми-техникалық құжаттама болған жағдайда) әрбір түрі бойынша (жобалық, конструкторлық, технологиялық, ғылыми-зерттеу, патенттік-лицензиялық) түгендеу кітабының болуы | елеулі |
51. |
Ведомстволық және жеке архивтерде тұрақты сақталатын істердің, құжаттардың тізімдемесінде тақырыптардың жүйеленуінің мына белгілерге сәйкес келуі: | елеулі |
52. | Архив қоймасында газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбырлардың болуына жол бермеу | өрескел |
53. | Архив қоймаларында архивтік құжаттардың сақтаудың бастапқы қорғаныш құралдарында (архивтік қораптарда, бумаларда, арнайы футлярларда, пакеттерде, бокстарда) орналасуы | елеулі |
54. | Архив қоймасында стеллаждың топографиялық көрсеткіштері карточкасының болуы | болмашы |
55. | Архивтік анықтаманың мәтінінде өзгерістердің, түзетулердің, түсініктемелердің, негізінде архивтік анықтамалар жасалған архивтік құжаттардың мазмұны бойынша орындаушының өз тұжырымдарының болмауы | елеулі |
56. |
Архив қоры деңгейіндегі архив анықтамалығының сипаттамалық мақаласы мазмұнының мынадай талаптарға сәйкестігі: | елеулі |
57. | Ұйымда консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларының болуы | елеулі |
58. | Ұлттық архив қорының құжаттарын жою | өрескел |
59. | Архивтік істердің, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін жоспарлы түрде 5 жылда бір рет тексеру | елеулі |
60. | Істердің, құжаттардың, электрондық құжаттардың (істердің) жетіспеуі кезінде іздестіруді ұйымдастыру | елеулі |
61. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде ықтимал бұзылуға қарсы техникалық тұрғыдан мейлінше төтеп беретін, құпиялылығы жоғары құлыптармен жабдықталған есіктердің болуы | елеулі |
62. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде әрбір тізімдемеге бөлек архивтік құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру парағының болуы | елеулі |
63. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік қор ішінде сақтау бірліктерінің бөлімдер (бөлімшелер) бойынша мына белгілерге сәйкес келуі: | елеулі |
64. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде толықтыру көздерінен Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қабылдаудың жоспар-кестесінің болуы | елеулі |
65. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архив қоймасына кіруге рұқсаты бар адамдардың тізімінің болуы | елеулі |
66. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архив үй-жайлары құлыптарының кілттерін тіркеу журналының болуы | елеулі |
67. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде жұмыскердің архив үй-жайларының құлыптарына кілттердің данасын алғаны үшін қолының болуы | елеулі |
68. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде әрбір архив қорына бөлек жасалған және реттік нөмірі тәртібімен орналастырылған қордың топографиялық көрсеткіштерінің карточкаларының болуы | болмашы |
69. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде құжаттардың келіп түсуін есепке алу кітабының болуы | елеулі |
70. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде қорлардың тізімінің болуы | елеулі |
71. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде істер, құжаттар тізімдемелерінің тізілімінің болуы | елеулі |
72. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде аса құнды істер, құжаттар тізімдемелерінің тізілімінің болуы | елеулі |
73. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде мәдени құндылықтарға жататын құжатты есепке алу және сипаттау парағының болуы | болмашы |
74. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде аса құнды құжаттарды қамтитын қор тізімінің болуы | елеулі |
75. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде қорлар істерінің болуы | елеулі |
76. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттарды беру, архив қоймасын пайдалану қорының көшірмелерін оқу залына беру кітабының болуы | елеулі |
77. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде есепке алу құжаттарындағы техникалық қателер туралы актілердің, архивтік құжаттарды табу туралы актілердің болуы | болмашы |
78. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде құжаттарды құпиясыздандыру туралы актінің болуы | елеулі |
79. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерімен және арнаулы мемлекеттік архивтерінің мынадай архивтік құжаттарды жеке сақтау бойынша талаптарды сақтауы: | елеулі |
80. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде толықтыру көздерінің бекітілген тізімдерінің болуы | елеулі |
81. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік қордың мынадай хронологиялық шектердің сақталуы: | болмашы |
82. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанның болуы | елеулі |
83. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде архивті толықтыру көзі болып табылатын ұйымдарға бақылау істерінің болуы | елеулі |
84. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттарды есепке алу схемасының болуы | болмашы |
85. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттардың тақырыптық, тақырыптық-экспозициялық және графикалық көрмелер жоспарының болуы | болмашы |
86. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде архивтік құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы архивтік анықтамалықтардың және деректер базасының болуы | елеулі |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 09 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 347 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.12.2022 № 114 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына, "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген), "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау (бұдан әрі – профилактикалық бақылау) жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) болмашы бұзушылық – бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдалану тәртібіне, ұйымдардың электрондық құжат айналымы жүйесіндегі электрондық және қағаз құжаттардың ара қатынасына қатысты талаптарды бұзу;
3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
4) елеулі бұзушылық – электрондық құжат айналымы жүйесінің функционалына, электрондық құжаттардың деректемелік бөлігіне электрондық құжаттардың сақтау мерзімдеріне және олардың электрондық тіркеу бақылау карточкаларына, электрондық құжат айналымын пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды бұзу;
5) өрескел бұзушылық – электрондық құжаттардың заңсыз жойылуына (жоғалуына), зақымдалуына, қолдан жасалуына әкелген немесе әкелуі мүмкін электрондық құжат және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды (бұдан әрі – талаптар) бұзу;
6) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға әсер ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың еселігін бақылау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиі емес айқындайды.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негіз болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
5-1. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
7. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;
3) тәуекел төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.
Тәуекелдің жоғары, орташа және төмен дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
8. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін ағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
3-тарау. Объективті өлшемшарттар
9. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу бақылау субъектілерінің Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – ҰАҚ) құжаттарын жоюға (жоғалтуға), зақымдауға, қолдан жасауға әкелуі мүмкін ҰАҚ электрондық құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз етумен байланысты қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.10. Объективті өлшемшарттар бойынша:
жоғары тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесін (бұдан әрі – ЭҚЖ) пайдаланатын ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздері және немесе қызметінде ЭҚЖ пайдаланатын ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғалар;
орташа тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде ЭҚЖ пайдаланатын ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар;
төмен тәуекел дәрежесіне:
1) қызметінде ЭҚЖ пайдаланатын ҰАҚ құжаттары қалыптастырылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.11. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.
4-тарау. Субъективті өлшемшарттар
12. Субъективті өлшемшарттар Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Президенті архиві мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі электрондық құжат және электрондық құжат айналымы бөлігінде Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының (бұдан әрі – талаптар) негізінде әзірленді, олар өрескел, елеулі, болмашы - үш дәрежеге бөлініп, тексеру парақтарында көрсетілді және осы Өлшемшарттардың қосымшасында келтірілді.
Өрескел дәрежеге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 509-бабы қолданылатын ҰАҚ құжаттарын жою жатады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.13. Субъективті өлшемшарттарды айқындауды келесідей сатыларда:
1) деректер базасын қалыптастыру және талаптардың бұзылуы туралы ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
14. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз і) бірлескен бұйрығымен.15. Субъективті өлшемшарттар маңыздылығы мен қоғамға қауіптілігіне байланысты, Өлшемшарттармен қарастырылған бұзушылықтар ауырлығының 3 дәрежесіне: қарай өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
16. Бақылау субъектін (объектін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SР3 + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
17. Айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Ескерту. 4-тарау 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
![]()
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rпром –есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші (Rпром = SP + SC, мұндағы SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші; SC – айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші).
Ескерту. 4-тарау 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттік архивтердің толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекелді бұзу дәрежелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ рс | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1. |
Электрондық құжаттың мазмұнды бөлігінде бір немесе бірнеше файлдардың мынадай форматтарды сақтауы: | елеулі |
2. | Электрондық тіркеу бақылау карточкаларын сақтау мерзімінің электрондық құжаттарды сақтау мерзіміне сәйкес келуі | елеулі |
3. | Электрондық құжаттарды сақтау кезінде электрондық құжаттардың және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті ашық кілттерін байланыстырудың (үйлестірудің) қамтамасыз етілуі | елеулі |
4. | Істер номенклатурасында ұсынылған құжат нысанының: ақпарат жеткізгіші көрсетілген электрондық немесе қағаз түрінде болуы | болмашы |
5. | Электрондық құжаттарды және деректер қорын ұйымның істер номенклатурасына сәйкес істерге (папкаларға) қағаз жеткізгіштегі құжаттардан бөлек ақпаратты бөлек тасығышта қалыптастыру | елеулі |
6. | Электрондық құжаттарды сақтауды тиісті электрондық дерекқорларды, пайдаланылған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері (электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәліктері) мен электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын бағдарламаларды сақтаумен сүйемелдеу | елеулі |
7. | Ведомстволық және жеке архивте қағаз түпнұсқасы болмаған не салыстырудың нәтижесі теріс болған кезде ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясы) және мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның Сараптау-тексеру комиссиясымен келісу бойынша ұйым басшысы бекіткен электрондық құжаттың (тардың) көшірмесін (лерін) жою туралы актінің болуы | өрескел |
8. | Ұлттық архив қорының құжаттарын жою | өрескел |
9. | Архивтік істердің, электрондық құжаттардың (іс) бар-жоғын және жай-күйін жоспарлы түрде 3 жылда бір рет тексеру | елеулі |
10. | Істердің, құжаттардың, электрондық құжаттардың (істердің) жетіспеуі кезінде іздестіруді ұйымдастыру | елеулі |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына 3-қосымша |
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік
архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттікархивтердің жинақтау көздері болып табылатын ведомстволық және жеке архивтерге қатысты.
Бақылау субъектісінің (объектісінің) барумен
тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік
орган ______________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________
№ р/б | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жекелеген бланкілерде (жекелеген парақтарда) басылған қазақ тіліндегі құжаттың және орыс немесе өзге тілде жасалатын теңтүпнұсқалық құжаттың бірыңғай деректемелерімен ресімдеу | ||
2. |
Құжаттарды ұйымның атауы көрсетілген мөртабанды пайдалана отырып, оның бедерін сол жақ жоғарғы бұрышына қою не міндетті түрде мынадай деректемелерді ресімдеу арқылы жасау: | ||
3. |
Сәйкестік: | ||
4. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының, эмблеманың, логотиптің немесе тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) бейнесін бланкіге орналастыру | ||
5. | Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Құжаттау қағидалары) нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлерді, мөртабандарды және арнайы штемпельдік бояуларды есепке алу мен беру журналының болуы | ||
6. | Қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын сақтау үшін мөр басылатын сейфтің немесе металл шкафтың болуы | ||
7. | Қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алу және беру журналдарында ұйым басшысының бұйрығымен (өкімімен) құрылған комиссия берген қорғауға жататын баспа-бланк өнімдері даналарының, мөрлердің, мөртабандардың және құжаттарды қорғау құралдарының бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы белгінің болуы | ||
8. | Әр түріне басталған, қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерін есепке алу және оларды беру журналының болуы | ||
9. |
1) қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерінің бүлінген даналарын жою кезінде қорғауға жататын баспа-бланк өнімдерінің бүлінген даналарын; | ||
10. | Құқықтық актілерде, шығармашылық құжаттамада, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарда, қаржы құжаттарында, бір мәселе жөніндегі істерде, сондай-ақ күнін қою олар үшін маңызды болатын құжаттарда (баяндамалар, үнхаттар, стенограммалар, хаттар) сөздік-цифрлық тәсілмен жазылған күнінің болуы | ||
11. | Құжаттарда бекіту және келісу белгілерінің болуы | ||
12. |
Бұйрықтың деректемелерінің сәйкес келуі, оның ішінде: | ||
13. | Қағаз құжаттарда лауазымды тұлғаның құжаттағы қолтаңбаның түпнұсқалығын куәландыратын ұйым мөрі бедерінің болуы | ||
14. |
1) негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтардың тиісті журналдарда (деректер базасында) жекелеген тіркелуінің; | ||
15. |
1. Іс жүргізу жылының шегінде хаттамалардың әр тобы – жиналыстар, алқа отырыстарының хаттамалары, техникалық, ғылыми және сараптамалық кеңестердің хаттамалары бойынша берген жеке-жеке реттік нөмірлердің болуы. | ||
16. | Іс жүргізу жылындағы хат алмасуды хронологиялық дәйектілікпен топтастыру мен жүйелеу және жауап құжатты сұрау салу құжатынан кейін салу | ||
17. | Жеке істердегі құжаттардың олардың келіп түсуіне сәйкес хронологиялық тәртіппен орналасуы | ||
18. |
1) жалақы бойынша дербес шоттардың жеке істерге қалыптастырылуының және олардағы жұмыскерлер тектерінің әліпбилік ретпен орналасуының; | ||
19. | Еңбек шарттарының жеке істердің құрамында немесе жұмыскерлер тектерінің әліпбилік ретпен жеке қалыптастырылуының сәйкес келуі | ||
20. | Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналдарының болуы | ||
21. |
Істерді қалыптастыру кезінде мынадай: | ||
22. | Ұйымның сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысы бекіткен және мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясымен келісілген істер номенклатурасының болуы | ||
23. |
Сақтау мерзімі тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) және жеке құрам бойынша істердің мұқабаларында мынадай деректемелердің болуы: | ||
24. |
Іс парақтарының: | ||
25. |
Барлық құжаттардың мәтіні еркін оқылатындай мүмкіндікті ескере отырып, картоннан жасалған немесе түптелген қатты мұқабаны кемінде төрт жерден тесіліп іске тігілген құжаттардың болуы. | ||
26. | Іс жүргізуде аяқталғаннан кейін ұйымның архивіне тапсырғанға дейін олардың қалыптастырылған орны бойынша құжаттарды істерде бір жыл ішінде сақтау | ||
27. | Құжаттар архив қоймасынан берілген кезде сақтау бірліктерін алмастыру картасының болуы | ||
28. | Тізімдеменің екі данасында да оған енгізілген әр іске қарама-қарсы істің бар екендігі туралы белгінің болуы | ||
29. | Тізімдеменің әрбір данасының соңында санмен және жазбаша іс жүзінде қабылданған істердің санының, істерді қабылдау-тапсыру күнінің, сондай-ақ архивке жауапты қызметкер мен істерді тапсырған адамның қолдарының болуы | ||
30. | Құжаттарды (істерді) архивке тапсыру кезінде құжаттарды сақтауға қабылдау-тапсыру актілерінің болуы | ||
31. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған дәстүрлі және электрондық жеткізгіштегі құжаттарды ведомстволық сақтаудың шекті мерзімдерін сақтау, оның ішінде: | ||
32. | Ұйымда құжаттарды сақтауға арналған архив қоймасынан, зерттеушілердің жұмыс істеуіне арналған бөлмеден (оқу залынан), архив жұмыскерлерінің жұмыс бөлмелерінен, серверлік және коммуникациялық жабдықтарға арналған бөлмелерден тұратын архивке арналған үй-жайдың болуы | ||
33. | Ведомстволық және жеке архивтердің архив қоймасында металмен қапталған және берік ысырмалары бар есіктердің болуы | ||
34. | Архив қоймасында стационарлық немесе жылжымалы металл немесе ағаш стеллаждардың болуы | ||
35. |
Орналастырып сақтау бойынша талаптарды | ||
36. |
Сақтау құралдарын (стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждар, металл шкафтар, сейфтер) орналастыру талаптарының сәйкес келуі: | ||
37. | Архив қоймаларында температура параметрлері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының (термометрлер, психрометрлер, гигрометрлер) болуы және олардың көрсеткіштерін температура параметрлері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу журналында тіркеу | ||
38. |
Архив қоймаларында мынадай температуралық-ылғалдылық режимін сақтау: | ||
39. | Ведомстволық және жеке архивтердің архив қоймасында құжаттарды (істерді) архив қоймасынан беру кітабының болуы | ||
40. | Архивтік құжаттарды уақытша пайдалануға беру кезінде архивтік құжаттарды өзге ұйымдарға уақытша пайдалануға беру туралы актінің болуы | ||
41. | Ұйым архиві паспорттарының болуы | ||
42. | Ұйым архивінде құрылымдық бөлімшелерден құжаттардың құндылығына сараптау нәтижелері бойынша жасалған істер, құжаттар тізімдемелері бойынша ұйым архивіне тапсырылған істердің болуы | ||
43. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысымен және республикалық мемлекеттік архивтің, немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген тұрақты сақталатын істер, құжаттар тізімдемесінің болуы | ||
44. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясының (сараптау комиссиясының) және республикалық мемлекеттік архивтің, немесе жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясының келісуімен ұйым басшысымен бекітілген жеке құрам бойынша істер тізімдемесінің болуы | ||
45. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (Сараптау комиссиясымен) келісілгеннен кейін ұйым басшысымен бекітілген уақытша (10 жылдан астам) сақталатын құжаттардың, істердің тізімдемесінің болуы | ||
46. | Істердің тізімдемесіндегі қорытынды жазбаның сақтау бірліктерінің іс жүзінде болуына сәйкестігі | ||
47. | Ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (Сараптау комиссиясымен) және республикалық мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның Сараптау-тексеру комиссиясымен келісілгеннен кейін ұйым басшысымен бекітілген сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актінің болуы | ||
48. | Архивтік құжаттардың бар-жоғы және жай-күйін тексеру барысында болмаған барлық табылмаған архивтік құжаттарды есепке алу карточкаларының болуы | ||
49. | Ведомстволық және жеке архивте ғылыми-техникалық құжаттаманы (ғылыми-техникалық құжаттама болған жағдайда) тіркеу карточкасының болуы | ||
50. | Ведомстволық және жеке архивте ғылыми-техникалық құжаттаманың (ғылыми-техникалық құжаттама болған жағдайда) әрбір түрі бойынша (жобалық, конструкторлық, технологиялық, ғылыми-зерттеу, патенттік-лицензиялық) түгендеу кітабының болуы | ||
51. |
сақталатын істердің, құжаттардың тізімдемесінде тақырыптардың жүйеленуінің мына белгілерге сәйкес келуі: | ||
52. | Архив қоймасында газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбырлардың болуына жол бермеу | ||
53. | Архив қоймаларында архивтік құжаттардың сақтаудың бастапқы қорғаныш құралдарында (архивтік қораптарда, бумаларда, арнайы футлярларда, пакеттерде, бокстарда) орналасуы | ||
54. | Архив қоймасында стеллаждың топографиялық көрсеткіштері карточкасының болуы | ||
55. | Архивтік анықтаманың мәтінінде өзгерістердің, түзетулердің, түсініктемелердің, негізінде архивтік анықтамалар жасалған архивтік құжаттардың мазмұны бойынша орындаушының өз тұжырымдарының болмауы | ||
56. |
Архив қоры деңгейіндегі архив анықтамалығының сипаттамалық мақаласы мазмұнының мынадай талаптарға сәйкестігі: | ||
57. | Ұйымда консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларының болуы | ||
58. | Ұлттық архив қорының құжаттарын жою | ||
59. | Архивтік істердің, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін жоспарлы түрде 5 жылда бір рет тексеру | ||
60. | Істердің, құжаттардың, электрондық құжаттардың (істердің) жетіспеуі кезінде іздестіруді ұйымдастыру | ||
61. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде ықтимал бұзылуға қарсы техникалық тұрғыдан мейлінше төтеп беретін, құпиялылығы жоғары құлыптармен жабдықталған есіктердің болуы | ||
62. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде әрбір тізімдемеге бөлек архивтік құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру парағының болуы | ||
63. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік қор ішінде сақтау бірліктерінің бөлімдер (бөлімшелер) бойынша мына белгілерге сәйкес келуі: | ||
64. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде толықтыру көздерінен Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қабылдаудың жоспар-кестесінің болуы | ||
65. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архив қоймасына кіруге рұқсаты бар адамдардың тізімінің болуы | ||
66. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архив үй-жайлары құлыптарының кілттерін тіркеу журналының болуы | ||
67. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде жұмыскердің архив үй-жайларының құлыптарына кілттердің данасын алғаны үшін қолының болуы | ||
68. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде әрбір архив қорына бөлек жасалған және реттік нөмірі тәртібімен орналастырылған қордың топографиялық көрсеткіштерінің карточкаларының болуы | ||
69. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде құжаттардың келіп түсуін есепке алу кітабының болуы | ||
70. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде қорлардың тізімінің болуы | ||
71. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде істер, құжаттар тізімдемелерінің тізілімінің болуы | ||
72. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде аса құнды істер, құжаттар тізімдемелерінің тізілімінің болуы | ||
73. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде мәдени құндылықтарға жататын құжатты есепке алу және сипаттау парағының болуы | ||
74. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде аса құнды құжаттарды қамтитын қор тізімінің болуы | ||
75. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде қорлар істерінің болуы | ||
76. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттарды беру, архив қоймасын пайдалану қорының көшірмелерін оқу залына беру кітабының болуы | ||
77. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде есепке алу құжаттарындағы техникалық қателер туралы актілердің, архивтік құжаттарды табу туралы актілердің болуы | ||
78. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде құжаттарды құпиясыздандыру туралы актінің болуы | ||
79. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерімен және арнаулы мемлекеттік архивтерінің мынадай архивтік құжаттарды жеке сақтау бойынша талаптарды сақтауы: | ||
80. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде толықтыру көздерінің бекітілген тізімдерінің болуы | ||
81. |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік қордың мынадай хронологиялық шектердің сақталуы: | ||
82. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанның болуы | ||
83. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде архивті толықтыру көзі болып табылатын ұйымдарға бақылау істерінің болуы | ||
84. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттарды есепке алу схемасының болуы | ||
85. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде және арнаулы мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттардың тақырыптық, тақырыптық-экспозициялық және графикалық көрмелер жоспарының болуы | ||
86. | Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік архивтерінде архивтік құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы архивтік анықтамалықтардың және деректер базасының болуы |
Лауазымды адам (адамдар):
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________ _______________________________
(лауазымы) (қол таңбасы)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы:
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________ _______________________________
(лауазымы) (қол таңбасы)
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттік архивтердің толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік
архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттік
архивтерді жинақтау көздеріне қатысты.
Бақылау субъектісінің (объектісінің) барумен тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік
орган ______________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт______________
___________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы______________________________________
__________________________________________________________________
№ р/с | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. |
Электрондық құжаттың мазмұнды бөлігінде бір немесе бірнеше файлдардың мынадай форматтарды сақтауы: | ||
2. | Электрондық тіркеу бақылау карточкаларын сақтау мерзімінің электрондық құжаттарды сақтау мерзіміне сәйкес келуі | ||
3. | Электрондық құжаттарды сақтау кезінде электрондық құжаттардың және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті ашық кілттерін байланыстырудың (үйлестірудің) қамтамасыз етілуі | ||
4. | Істер номенклатурасында ұсынылған құжат нысанының: ақпарат жеткізгіші көрсетілген электрондық немесе қағаз түрінде болуы | ||
5. | Электрондық құжаттарды және деректер қорын ұйымның істер номенклатурасына сәйкес істерге (папкаларға) қағаз жеткізгіштегі құжаттардан бөлек ақпаратты бөлек тасығышта қалыптастыру | ||
6. | Электрондық құжаттарды сақтауды тиісті электрондық дерекқорларды, пайдаланылған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері (электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәліктері) мен электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын бағдарламаларды сақтаумен сүйемелдеу | ||
7. | Ведомстволық және жеке архивте қағаз түпнұсқасы болмаған не салыстырудың нәтижесі теріс болған кезде ұйымның Орталық сараптау комиссиясымен (сараптау комиссиясы) және мемлекеттік архивтің немесе жергілікті атқарушы органның Сараптау-тексеру комиссиясымен келісу бойынша ұйым басшысы бекіткен электрондық құжаттың (тардың) көшірмесін (лерін) жою туралы актінің болуы | ||
8. | Ұлттық архив қорының құжаттарын жою | ||
9. | Архивтік істердің, электрондық құжаттардың (іс) бар-жоғын және жай-күйін жоспарлы түрде 3 жылда бір рет тексеру | ||
10. | Істердің, құжаттардың, электрондық құжаттардың (істердің) жетіспеуі кезінде іздестіруді ұйымдастыру |
Лауазымды адам (адамдар): ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________ __________________
(лауазымы) (қолтаңбасы)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы: __________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________ _____________________
(лауазымы) (қолтаңбасы)
| Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 5-қосымша |
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі
Ескерту. Бірлескен бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 бірлескен (01.07.2024 бастап қолданыста болады) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi |
1-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||
1 | Архив қоймаларында архив құжаттарының бар-жоғын және жай-күйін тексеру қорытындылары | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
2 | Есепке алу құжаттарындағы деректерді мемлекеттік архив паспортымен, қорлар карточкаларымен салыстыру кезінде сәйкессіздік | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
3 | Сараптамалық-тексеру комиссиясының отырысына ұсынылған құжаттардың құндылығын ғылыми-техникалық сараптау қорытындылары бойынша толықтыру көздері - ұйымдардың құжаттарының толық еместігі және қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
4 | Толықтыру көздері-ұйымдарда құжаттардың сақталуы және архив жұмысы бойынша мемлекеттік архивтер ұсынатын талдамалық ақпараттың толық болмауы және бұзылуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
5 | Уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік архивтерге архив қорлары бойынша мәліметтер беру бойынша келіп түсетін өтініштерді талдау қорытындылары | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
6 | Құжаттардың құндылықтарын сараптау мерзімдерінің болмауы немесе бұзылуы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
7 | Архивтік құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараттың болмауы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
8 | Архивтік құжаттарды есепке алудағы бұзушылықтар | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
| Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архиві және мемлекеттік архивтердің толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективтік өлшемшарттардың тізбесі
Ескерту. Бірлескен бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2023 № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.05.2023 № 78 бірлескен (01.07.2024 бастап қолданыста болады) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 18.12.2025 № 663-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика 26.12.2025 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi |
1-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||
1 | Архив қоймаларында архив құжаттарының бар-жоғын және жай-күйін тексеру қорытындылары | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
2 | Есепке алу құжаттарындағы деректерді мемлекеттік архив паспортымен, қорлар карточкаларымен салыстыру кезінде сәйкессіздік | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
3 | Сараптамалық-тексеру комиссиясының отырысына ұсынылған құжаттардың құндылығын ғылыми-техникалық сараптау қорытындылары бойынша толықтыру көздері - ұйымдардың құжаттарының толық еместігі және қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
4 | Толықтыру көздері-ұйымдарда құжаттардың сақталуы және архив жұмысы бойынша мемлекеттік архивтер ұсынатын талдамалық ақпараттың толық болмауы және бұзылуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
5 | Уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік архивтерге архив қорлары бойынша мәліметтер беру бойынша келіп түсетін өтініштерді талдау қорытындылары | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
6 | Құжаттардың құндылықтарын сараптау мерзімдерінің болмауы немесе бұзылуы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
7 | Архивтік құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараттың болмауы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||
8 | Архивтік құжаттарды есепке алудағы бұзушылықтар | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% | ||||