Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 531 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 тамызда № 5580 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Қызылорда облысы әкімдігінің 07.11.2025 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қызылорда облысы әкімдігінің 07.11.2025 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 13 шілде
№ 531 қаулысына қосымша

Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы нормасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қызылорда облысы әкімдігінің 07.11.2025 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Жылу энергиясының тұтыну нормалары

Өлшем бірлігі

Мәні

1.

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы

Жылыту маусымында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің нормасы

Гигакалорий

0,0288


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады