" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және " Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 200 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, осы қаулының 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Төрағасы ________ Ә. Смайылов
2015 жылғы 24 тамыз
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 155 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 155 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы | |
| Ұлттық Банкі Басқармасының | |
| 2015 жылғы 21 тамыздағы | |
| № 155 қаулысына | |
| 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат
Банк клиенті Кодтар Банк белгілері
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
Банк клиентінің орналасқан жері
_____________________________________________________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Банк (банк филиалы, бөлімшесі)
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Банктік шоттың түрі
_____________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін
банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде
міндетті деп саналсын
_____________________________________________________________________
Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қол қою үлгісі Мөр
бедерінің үлгісі
_____________________________________________________________________
Бірінші
қол _________________________________________________________________
Екінші
қол _________________________________________________________________
Сыртқы беті
Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың аты-жөні | Үлгілерді куәландырған күн | Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері |
(қолдар)
(мөр)".
