Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Сағыровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С.Шаңғұтов |
| | Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 қаулысына № 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 01.08.2014 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| № | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылатын балалар (саны) |
| 1 | Мұғалжар ауданы | 595 |
| | Барлығы | 595 |
| | Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 қаулысына № 2 қосымша |
Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 01.08.2014 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||
| Балабақшалар(бөбекжайлар, орталықтар) | ||||||
| Сүйық отынмен жылытылатын жылу жүйесі | Қатты отынмен жылытылатын жылу жүйесі | Электрқуатымен, көгілдір отынмен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын | ||||
| Қалалық жерлерде | Ауылдық жерлерде | Қалалық жерлерде | Ауылдық жерлерде | Қалалық жерлерде | Ауылдық жерлерде | |
| | | | 30800 | 23885 | 29420 | |
| Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда | ||||||
| | 34166 | | 33951 | 29620 | 30662 | |
| | Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 қаулысына № 3 қосымша |
Ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері
| Мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | ||
| Балабақша (бөбекжайлар, орталықтар) | Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар | ||
| Ұйымдарда болу ұзақтылығы | |||
| 9-10, 5 сағат | 12 сағат | ||
| Қалалық жерлерде | |||
| 400 | 400 | 400 | |
| Ауылдық жерлерде | |||
| 300 | 300 | 300 | |
