Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.08.14 N 29/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы көлемінде квота белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.08.14 N 29/01 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметоллаұлы Бикеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Осакаров ауданының әкімі | С. Аймақов |
